Авторлық және сабақтас құқықтар: шығармашылық еңбектің қорғаны
Цифрлық дәуірде авторлық құқықты қорғау өте маңызды. Кез келген туынды — ән, фото, бейне, мәтін, немесе бағдарламалық код — жылдам тарайды, сондықтан заңдық қорғау қажет.
Авторлық құқық авторға келесі құқықтарды береді:
- жариялау және тарату;
- көшіру және өңдеу;
- аудару және бейімдеу;
- сыйақы алу.
Сабақтас құқықтар орындаушыларға, фонограмма өндірушілеріне және хабар таратушы ұйымдарға тиесілі.
Неліктен маңызды?
- шығармашылықты қолдайды;
- мәдени және цифрлық индустрияны дамытады;
- плагиат пен контрафакттің алдын алады.
Құқық бұзған жағдайда — әкімшілік, азаматтық және қылмыстық жауапкершілік бар.
Авторлық құқықты сақтау — мәдениетті қоғамның белгісі.
Зияткерлік меншік құқықтары бойынша
бөлімінің басшысы Аубакирова А.Е.