
2025 жылғы 31 қазан күні
Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы Достық үйінде, сондай-ақ «Таир» және «Каскад» сауда үйлерінде «Халықтық заңгер» республикалық әлеуметтік акциясы өтті. ⚖️
Іс-шара дәстүрлі түрде жұртшылық арасында «Заң және тәртіп» қағидаттарын ілгерілету мақсатында ұйымдастырылады.
Ұйымдастырушылар — Бас прокуратура және ҚР Әділет министрлігі.
Бұл күні азаматтарды толғандырған өзекті мәселелер тыңдалып, қала мен облыстың мемлекеттік, құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдарының басшылығы өтініштер қабылдады.
👩⚖️ Прокурорлар, полиция қызметкерлері, адвокаттар, заң консультанттары, нотариустар және жеке сот орындаушылары тұрғындарға тегін кеңес берді.
Азаматтар көбінесе: 🌿 жер қатынастары,
🏠 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,
👨👩👧 алимент өндіріп алу,
📜 мұраны ресімдеу мәселелері бойынша жүгінді.
🔹 Айта кетейік, бұл акция 2016 жылдан бері өткізіліп келеді.
Негізгі мақсат — халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заңгерлік көмек көрсету.