
Қарағанды облысының Абай қаласында дәстүрлі «Халықтық заңгер» республикалық әлеуметтік акциясы ұйымдастырылды.
Акцияның негізгі ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Әділет министрлігі.
⚖️ Жүздеген қала тұрғыны заңгерлерден, адвокаттардан, нотариустардан және жеке сот орындаушыларынан тегін құқықтық кеңес алды.
Биылғы жылы іс-шара «Заң және тәртіп» идеологиясын қоғамда кеңінен насихаттауға бағытталып, оның мақсаты –
✅ құқықтық мәдениетті арттыру,
✅ мемлекеттік институттарға сенімді нығайту,
✅ құқық бұзушылыққа төзбеушілікті қалыптастыру.