
2025 жылғы 21 қазанда Қарағанды облысының Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы Д. Байдильдиннің төрағалығымен сот және құқық қорғау органдарының өкілдерінің қатысуымен атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өтті.
Іс-шара барысында мемлекеттік органдарға, сондай-ақ Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына және мемлекеттік сот орындаушыларына осы саладағы жұмысты жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар берілді.