2025 жылдың 16 қазан күні Қарағанды облысы Әділет департаментінің мамандары, адвокат, нотариус құрамындағы ақпараттық-түсіндіру тобы ҚР Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық–атқару жүйесі комитеті «№35 мекемесі» РММ-де қолданыстағы заңнама мәселелері бойынша құқықтық түсініктеме өткізді.
Іс-шара барысында жазасын өтеп жатқан тұлғаларға некені бұзу, мұраны рәсімдеу, тұру ықтиярхатын алу, амнистияны қолдану және жазаны өтеу мерзімін қысқарту мүмкіндіктері бойынша түсініктемелер берілді.