Ашық есік күнін

Ашық есік күнін

2025 жылғы 10 қазан
📍 Қарағанды қаласының «Отбасын қолдау орталығы» КММ

Қарағанды қаласының «Отбасын қолдау орталығы» КММ мен Қарағанды облысының Әділет департаменті бірлесіп халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заңгерлік кеңес беру мақсатында «Ашық есік күнін» ұйымдастырды.

🔹 Іс-шараның мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, тегін заңгерлік кеңес беру және азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру.

Кездесуге келесі ұйымдардың өкілдері қатысты:
• Қарағанды облысының нотариаттық палатасы;
• Қарағанды облыстық адвокаттар алқасы;
• Заң консультанттары палаталары;
• Қарағанды облысы Әділет департаментінің қызметкерлері;
• «Қарағанды қаласының отбасын қолдау орталығы» КММ мамандары.

🔸 Іс-шара барысында тұрғындарға өзекті құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес беріліп, заңгерлік көмек алу тетіктері түсіндірілді.

«Қарағанды қаласының отбасын қолдау орталығы» азаматтарға заңгерлік, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсету арқылы қоғамда құқықтық мәдениетті нығайтуға және отбасылық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруда.
ажданам.