«Электрондық апостиль» тақырыбында құқықтық түсіндіру іс-шарасы

«Электрондық апостиль» тақырыбында құқықтық түсіндіру іс-шарасы

Қарағанды облысының Әділет департаменті мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының №4 бөлімі 2025 жылғы 5 тамызда «Электрондық апостиль» тақырыбында құқықтық түсіндіру жұмысын өткізді.

Іс-шараның мақсаты – апостиль қою қызметін цифрлық форматта насихаттау және азаматтардың ақпараттануын арттыру.
Кездесу барысында қатысушыларға электрондық апостиль алу тәртібі мен оның артықшылықтары түсіндірілді.