Мемлекет басшысы 2025 жылғы 10 қаңтарда «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
Аталған өзгерістерге сәйкес, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкілетті орган Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 491-бабында көзделген, яғни азаматтық хал актілерін жазу қағидаларын бұзу фактілері бойынша істерді қарайтын болады.
Жоғарыда көрсетілген баптың нормаларын бұзу – неке қиюға кедергі келтіретін мән-жайларды жасыру немесе азаматтық хал актілерін тіркеу органдарына жалған мәліметтер беру жағдайында бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.