2025 жылғы 8 қазанда Қарағанды облысы Әділет департаментінде басшының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Данияр Назымбекұлы Байдильдиннің төрағалық етуімен Әділет департаменті қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарын сақтау мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті.
Кеңесте барысында мемлекеттік қызметшілердің қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң түрде орындауы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында, қызметтік әдеп нормаларын, заңнамада белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауы жөнінде түсініктеме берілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшінің абыройы мен беделінің маңыздылығын атап өтті