Заң клиникалары – азаматтарды қолдау және болашақ заңгерлерді даярлау

Заң клиникалары – азаматтарды қолдау және болашақ заңгерлерді даярлау


🔹️Қарағанды облысының Әділет департаменті мен өңірдің жоғары оқу орындары арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандум аясында заң клиникаларын дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.
✔️Бүгінде мұндай клиникалар Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінде және «Болашақ» академиясында жұмыс істейді.
Клиникалар азаматтарға еңбек, отбасы және тұрғын үй құқықтары, әлеуметтік кепілдіктер мен құқықтық құжаттар дайындау мәселелері бойынша тегін құқықтық көмек көрсетеді.
Бұл алаң студенттер үшін тәжірибелік дайындық пен кәсіби дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Студенттер Әділет департаментімен бірлесіп құқықтық түсіндіру және ағартушылық іс-шараларға белсенді қатысады.
2026 жылға жаңа бастамалар мен тегін құқықтық көмекті кеңейту жобалары жоспарланған.
✔️Заң клиникалары – құқықтық мәдениетті дамытуға және кәсіби қоғамдастықты нығайтуға қосылған маңызды үлес.