"Отбасы-өмірдің негізі: құндылық пен қолдаудың маңызы!"

"Отбасы-өмірдің негізі: құндылық пен қолдаудың маңызы!"

2025 жылдың 9 қыркүйегінде Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінде отбасы күніне орай «Қарағанды қаласының отбасын қолдау орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен ақпараттық-танымдық дәріс өтті. Дәрістің басты мақсаты – жастарға отбасылық құндылықтардың мәнін ұғындыру, психологиялық күйзелістердің, соның ішінде суицидтің алдын алу жолдарын түсіндіру болды.
«Отбасын қолдау орталығының» тәжірибелі психолог маманы студенттерге:
✔️ психоэмоционалды саулықты сақтау,
✔️ отбасындағы қарым-қатынастың маңызы,
✔️ ішкі күйзелістерді жеңу,
✔️ көмек сұраудың қажеттілігі туралы мазмұнды ақпарат берді.

Шараға Е.А. Бөкетов атындағы ҚарҰЗУ студенттері қатысып, интерактивті сұрақ-жауап пен психологиялық кеңес алу мүмкіндігіне ие болды.

Бұл дәріс жастарға өмірлік қиындықтарды еңсеруде қолдаудың, сенім мен өзара түсіністіктің қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте көрсетті.