Egov қосымшасында «Заң мен Тәртіп» жаңа цифрлық сервисі іске қосылды.
Жаңа сервис арқылы кез келген адам құқық бұзушылықтар туралы полицияға тікелей хабарлай алады.
📳 «Қосымшаның басты бетінде арнайы «Заң мен Тәртіп» түймесі пайда болды. Сол арқылы хабарламаны жедел жолдауға болады. Өтініш беру қарапайым әрі түсінікті. Қоғамдық тәртіпті бұзу, тұрмыстық зорлық-зомбылық, жол-көлік оқиғасы немесе балаға төнген қауіп сияқты жағдайлар туралы дабыл бірден полицияға түседі және полиция қызметкерлері хабарлама түскен сәттен бастап әрекет етеді», – делінген хабарламада.
📲 Тура сондай сервис кейбір банк қосымшаларына да интеграцияланды. Негізгі мақсат – полиция мен азаматтар арасындағы өзара әрекеттестікті жеңілдету және жеделдету, жедел әрекет ету деңгейін арттыру және көмекті барынша қолжетімді ету.
⏳Сервис тәулік бойы жұмыс істейді. Ал өтініштер бүкіл республика бойынша қабылданады.