ҚР "Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық көрсеткіштер және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы"Заңына сәйкес зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі бөлім қызметкерлерімен жоспардан тыс тексеру жүргізілді

ҚР "Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық көрсеткіштер және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы"Заңына сәйкес зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі бөлім қызметкерлерімен жоспардан тыс тексеру жүргізілді

«LEGO Juris A/S» компаниясының атынан жұмыс жасайтын Ж. Нұрмағамбетов (01.08.2025 ж. сенімхат бойынша өкілі) өтініші негізінде, ЖК Б.-ға қатысты «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық көрсеткіштер және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы» ҚР Заңы аясында Қарағанды қаласында жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру барысында «LEGO Juris A/S» компаниясына тиесілі «Harry Potter», «Minecraft» көлемді тауар таңбалары бар микро-фигуралардың заңсыз пайдаланылғаны анықталды. Компания Қазақстан Республикасының аумағында айрықша құқық иеленуші болып табылады және құқықтық қорғауды талап етеді. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 1025-бабына сәйкес, №69536 куәліктерімен тіркелген тауар белгілеріне ұқсас микро-фигуралар балалар ойыншықтарына («Harry Potter», «Minecraft») заңсыз қолданылған. Барлығы 175 бірлік тауар тәркіленді. «LEGO Juris A/S» компаниясы тарапынан ЖК-мен тіркелген тауар белгілерін пайдалану құқығын беру туралы ешқандай шарт жасалмаған. Осыған байланысты алынған тауарларда компанияның тауар белгілеріне ұқсас белгілер бар контрафактілік өнім болып табылады, бұл «Тауар белгілері туралы» ҚР Заңын бұзу болып саналады. Анықталған заңсыз әрекеттер салдарынан келтірілген залал сомасы – 217 730 теңге. ҚР ӘҚБтК-нің 158-бабын бұзғаны үшін жеке кәсіпкерге қатысты әкімшілік іс ҚР ӘҚБтК-нің 808-бабына сәйкес Қарағанды қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды.