2025 жылғы 22 тамыз күні Қарағанды қаласындағы «Достық үйінің» конференц залында Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған «Неке және отбасы заңнамасындағы жаңашылдықтарды, Отбасын жоспарлау орталығының қызметін және отбасылық институтты нығайту мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудағы медиацияның рөлін талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.
🔹 Іс-шараны ұйымдастырушылар:
Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ
Қарағанды облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты
📌 Шара барысында Қазақстан Республикасының Конституциясы – құқық пен әділеттіліктің басты кепілі ретінде аталып өтті. Қатысушылар назарына брачно-отбасылық және қылмыстық заңнамадағы соңғы өзгерістер, отбасын жоспарлау саласындағы тәжірибелер мен медиацияның отбасындағы дауларды шешудегі маңызы ұсынылды.
👥 Іс-шараға «Қарағанды қаласының отбасын қолдау орталығы» КММ мамандары да қатысып, тәжірибелерімен бөлісті.
🤝 Дөңгелек үстел соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, өзекті мәселелерді шешуге бағытталған ұсыныстарын ортаға салды.