Әділет департаменті қызметкерлерінің, заң кеңесшісінің, нотариустың, жеке сот орындаушысының қатысуымен тұрғындар үшін құқықтық түсіндіру жұмыстары

Әділет департаменті қызметкерлерінің, заң кеңесшісінің, нотариустың, жеке сот орындаушысының қатысуымен тұрғындар үшін құқықтық түсіндіру жұмыстары

21 тамыз 2025 жылғы Нұра ауданы Тассуат ауылында тұрғындар үшін Әділет департаментінің қызметкерлері, заң кеңесшісі, нотариус және жеке сот орындаушы қатысуымен тегін құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында ауыл тұрғындарынан алаяқтық пен жылжымайтын мүлікті рәсімдеу мәселелері бойынша сұрақтар түсті.
Жұмыс тобы мемлекет кепілдік берген тегін заң көмегі, дропперлік және алиментті өндіру тәртібі бойынша түсініктемелер берді. Сондай-ақ, Әділет департаментінің өкілдері жасанды интеллект чатботының көмегімен заңгерлік кеңес алуға болатынын айтты.