2025 жылғы 31 шілдеде Қарағанды облысы Әділет департаментінің ақпараттық-насихаттау тобы Қарқаралы ауданының Көктас ауылында мәдениет үйінің ғимаратында халықпен кездесу өткізді.
Іс-шараға Қарағанды облысының Нотариаттық палатасының, Қарағанды облыстық адвокаттар алқасының өкілдері, сондай-ақ сот орындаушысы қатысты.
Кездесу барысында тұрғындарға әділет органдарының қызметі, Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы түсіндірілді.
Іс-шараның мақсаты-азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсету.
Азаматтар атқарушылық іс жүргізу, нотариаттық қызмет, жылжымайтын мүлікті тіркеу, алимент міндеттемелері, жер даулары және т. б. өзекті мәселелер бойынша жүгінді.
Өз сапары аясында мамандар азаматтарды жеке қабылдады. Барлық өтініштерге тиісті түсініктемелер берілді.