Халыққа құқықтық көмек

Халыққа құқықтық көмек

2025 жылдың 20 маусым күні Қарағанды облысының Әділет департаментінің қызметкерлері Ақтоғай ауданы Шашубай кентінің тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында азаматтарға әділет органдарының қызметі, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы түсініктеме берілді.Іс-шараның мақсаты-азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсету.
Азаматтар атқарушылық іс жүргізу мәселелері, мұрагерлікті рәсімдеу, атқару жазбасын жою туралы сұрақтар бойынша жүгінді.
Кездесу аясында мамандармен азаматтарға жеке қабылдау жүргізіліп, қойылған барлық сұрақтарға түсіндірме берілді.