Меню

Страницы

Статья

«Тілге де тірек керек» тақырыпты БАҚ-та мақала жариялау

Тіл –өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты, бүгінгі күннің абыройы, ертеңгі күннің кепілі. Ата Заңда «Мемлекеттік тіл-қазақ тілі» деп анық та айқын жазылған. XX ғасырдың басында ғалым Ахмет Байтұрсынұлы «Ұлттың жоғалуына себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы-тіл, сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деп еді. Мемлекеттік тіліміз-халқымыздың кешегі жүріп өткен жолын, бүгінгі жалғасқан ғұмырының ертеңге апарар мүддесін бейнелейтін ең басты қазынамыз.

Еліміз тәуелсіздік алғалы бері жүргізіліп келе жатқан тіл саясатының арқасында қазіргі таңды тіл туралы оңды қоғамдық көзқарас қалыптасып отыр. Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие қазақ тілі бүгінде ұлттық руханиятымыздың өзегіне айналды. Көпұлтты мемлекетте қазақ тіл мәртебесіне сай қызмет етуін қамтамасыз ету - өте күрделі мәселе.

Мемлекеттік тілге деген құрмет пен ықылас ұлттық сананың биігіне көтеріліп, жалпыхалықтық мүдде кеңістігіне шығу қажет. Тіл Отан көлемінде қуатты қатынас құралы бола тұрып, халықаралық байланыста да өзінің мемлекеттік мәртебесін сақтау үшін жас ұрпақтың жеке тұлғалық қасиеті мен патриоттық сезімін ұғыну біздің азаматтық парызымыз. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылуында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтерудің маңыздылығы орасан зор екендігі белгілі. Қазақ тілінің тағдыры мемлекеттің дамуы және ел болашағы үшін қаншалықты маңызды екендігін біздің әрқайсымыз да терең түсінуге міндеттіміз.

Жалпы, қай тәрбиенің де бастауы отбасынан басталатыны рас, патриоттық сезім де отбасынан қалыптасады. Әр адамның санасында ұлттық намыс, патриоттық жігер болу керек.

Еліміздің әр азаматы мемлекеттік тілді меңгеруі - Отан, қоғам алдындағы азаматтық парызы. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылу үшін бүгінгі ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеп өсіретін орда.

Бүгінгі күні егемен ел ретінде әлем мойындаған Қазақстанға деген қызығушылық артып, өркениеттің материалдық ғана емес, рухани құндылықтарымызды да танып-білуге деген ынта-ықыласы тереңдей түсуде. Ата –бабаларымыз армандаған тәуелсіздікке қол жеткізіп, ай-жұлдызымыз оңынан туып тұрған шақта осы рухани құндылықтарымыздың қайнар бұлағы -қазақ тілінің қадір-қасиетін өзгеден бұрын өзіміз құрмет пен ықыласты ұлттық сана биігіне көтерген жөн. Бұл міндет - сіз бен біздің азаматтық парызымыз.

Абдыкалыкова Ляззат, Қарағанды облысы Әділет департаментінің жетекші маманы

 

 

 

Дата публикации
31 марта 2021
Дата обновления
31 марта 2021
Тип
Аналитическая статья

Сейчас читают

Аналитическая статья
01 июля 2025
Порядок исполнения  и последствия неисполнения исполнительного документов, обязывающего должника совершить определенные действия или воздержаться от их совершения
Информация
01 июля 2025
Внутренний анализ коррупционных рисков Департамента юстиции Карагандинской области по направлениям деятельности
Аналитическая статья
30 апреля 2025
Правила привлечения к административной ответственности за неисполнение судебного акта (КоАП РК)

Социальные медиа

Меню подвал

Экранный диктор
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Послания Президента РК
Государственные символы РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК
Термины и обозначения
Цели устойчивого развития
Концепция цифровой трансформации