Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік тіл – қызмет тілі

Мемлекеттік тіл – көпұлтты мемлекетте халықтың ұлттық құрамына
қарамай іс қағаздарын мектеп және оқу орындарына оқыту, мәдениет,
баспасөз бен байланыс орындарына құқық қорғау мен әскери бөлімдерінде
сот істерін жүргізу міндетті деп саналатын саяси құқықтық қасиеті бар
мәртебелі тіл. Оны жан-жақты дамыту және оның қолдану аясын кеңейту
үшін мемлекет тарапынан белгілі бір уақытқа жоспарланған жан-жақты
бағдарламалар жасалынуда. Мемлекеттік тіл әрдайым мемлекеттің
қорғауында және оның қамқорлығында болады.
Тәуелсіз еліміздің мемлекеттік тілін меңгерумен қатар, іс қағаздарын
мемлекеттік тілге көшіру – бүгінгі күннің өткір мәселесі, заман талабы.
Әлемнің дамыған елдерінің қатарына кіруі де ел экономикасымен қатар,
әлеуметтік мәселелерге, оның ішінде мемлекеттік тіл мәселесіне айрықша
көңіл бөлуіміз керек.
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін 1993 жылғы Конституцияда
бекітіп, 1997 жылы тәуелсіз Қазақстанның Тілдер туралы заңы қабылданды.
Десе де, әр қазақ үшін отыз жыл бұрын қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе
берген заңның орны бөлек. Себебі, мемлекеттік тіл мемлекеттің бүкіл
аумағында барлық салада қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару,
сот ісін жүргізу, іс қағаздарын жүргізу тілі саналады.
Мемлекеттік тілдің негізгі әрі басты мәселелері Конституция жүзінде,
«Тіл туралы» Заң жүзінде шешімін тапқанымен, күнделікті өмірдің өзі талап
етіп отырғандай, тіл саясатын толыққанды жүзеге асыру үшін оны әлі де
жетілдіріп, толықтыра түсу қажеттілігі туындап отыр. Солардың бірі
мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді білуі жөнінде міндеттің
қойылуы. Мемлекеттік қызметші мемлекеттік органда қызмет атқаратын
болған соң және де мемлекет пен мемлекеттік тіл біртұтас ұғым болғаннан
кейін әрбір мемлекеттік қызметшінің қазақ тілін білуі талап етілуі тиіс.
Мұндай талап заң жүзінде қойылмаса, мемлекеттік тілді үйренуге деген
ынтасыздық әлі де жалғасын таба береді. Тек талап қойылған жерде, заң
арқылы міндет белгіленген кезде бұл мәселе оңынан шешімін табады.
Сондықтан мемлекеттік тілді білу Қазақстан Республикасы азаматының,
соның ішінде мемлекеттік қызметшілер үшін міндет болуы тиіс. Қазақ тілін
білмеу деген сөз мемлекеттік қызметшінің арына сын. Қолда бар
заңдарымызды әрі қарай жетілдіріліп, «мемлекеттік қызметші мемлекеттік
тілді білуі міндет» деген бап енгізілмесе, қазақ тілін білмей-ақ мемлекеттік
қызметке қабылдана беру жалғасын таба бермек. Сондықтан да мемлекеттік
қызметшіге қойылар талап қайтадан қаралғаны жөн.
Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз оны барлық
салада белсенді пайдалана отырып дамыту, тілдің қолданылу аясын
арттыруға күш салу. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан тілдік қорымызды
үздіксіз жетілдіріп отыру үшін заңдар қабылданып, бағдарламалар жасалған.

 

 

 

 

Осы мүмкіндіктерді пайдаланып мемлекеттік тілдің қолдану өрісін кеңейту
өз қолымызда. Тіл саясаты – ұлт болашағы екенін ұмытпайық.
Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу
және тіркеу қызметі саласындағы
бақылау бөлімінің бас маманы
Г.М.Бектурсунова

Дата публикации
27 мая 2024
Дата обновления
27 мая 2024
Тип
Аналитическая статья

Сейчас читают

Аналитическая статья
30 апреля 2025
Правила привлечения к административной ответственности за неисполнение судебного акта (КоАП РК)
Аналитическая статья
28 апреля 2025
Государственный язык – основа единства народа Язык – сердце нации.
18 апреля 2025
Роль географических указаний в развитии казахстанских брендов

Социальные медиа

Меню подвал

Экранный диктор
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Послания Президента РК
Государственные символы РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК
Термины и обозначения
Цели устойчивого развития
Концепция цифровой трансформации