«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» ҚР Заңының 140- бабының талаптарына сәйкес, жоғары заңгерлік білімі бар, жеке сот орындаушысы лицензиясын алған және Республикалық палатаға кірген Қазақстан Республикасының азаматы жеке сот орындаушысы болып табылады.
Сонымен бірге, мына адам:
1) Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған;
2) заңда белгiленген тәртiппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар;
3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексiнiң 35-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының және 36-бабының негiзiнде қылмыстық жауаптылықтан босатылған, мұндай оқиғалар болғаннан кейiн үш жыл iшiнде;
4) теріс себептермен мемлекеттік, әскери қызметтен, прокуратура органдарынан, өзге де құқық қорғау органдарынан, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарынан шығарылған адам шығарылған күннен бастап бір жыл ішінде;
5) "Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 11) және 11-1) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья лауазымынан босатылған адам босатылған күннен бастап бір жыл ішінде;
6) жеке сот орындаушысының өкілеттіктерін бергенге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жазаланған;
7) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған;
8) осы Заңның 144-бабының 2-тармағында көзделген негіздер бойынша жеке сот орындаушысының лицензиясынан айырылған адам сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл ішінде жеке сот орындаушысы бола алмайды.
Ұлттық бірегейлікті сақтау
Жаһандану бүгінгі таңда жалпы дүниежүзілік процесс болып табылады. Жаһандану кезеңінде Қазақстан өзінің ұлттық жəне мемлекеттік бірегейлілігін сақтап қалу мəселесі туындайды. Осы арқылы мемлекетіміз əлемдік ұйымдарда өз орнын сақтап, нығайта алу мүмкіндігіне ие болады. Бұл дегеніміз жаһандану кезеңінің барлық жағдайларына көне бермеу керек, яғни Қазақстан тікелей өз даму стратегиясын жүргізуі қажет. Сонда ғана ұлттық жəне мемлекеттік бірегейлілігімізді сақтап қала аламыз.
Тəуелсіздіктің қалыптасуы, ұлттық мемлекеттіліктің дамуы қоғамдағы біріктіру факторы болып табылатын салауатты ұлттық бірегейлілікті қалыптастыруымен тығыз байланысты. Ол мемлекет территориясында тұратын барлық этностық топтар мүдделерінің теңқұқылығын қамтамасыз ететін мемлекеттік саясатқа едəуір ықпал ете алады.
Қазіргі қоғам көзқарасы қалыптасқан зерделі де, зерек тұлға тәрбиелеуі тиіс. Ол үшін ілім-білімге ұмтылып, жан-жақты жетілген жөн. Қазірге дейін қазақ руханиятындағы елдік, ар-намыс, қайырымдылық, жауапкершілік, кішіпейілді болу, төзім, қанағат, мейірімділік сынды ізгі қасиеттер – ұлттық бірегейліктің негізгі тұтқасы. Алаш тұлғаларының ұстанымына айналған бұл құндылықтар арқылы қазақтың отбасында, қоғам өмірінде бірлік, түсінік, төзімділік, қайырымдылық сақталған. Адал еңбекпен күн кешуді мақсат ету – бірегейлікті сақтаудың алғышарты.
Ал ұлттық бірегейліктің негізгі белгілері: ұлттық дәстүр, ұлттық тәрбие, діннің таза күйінде сақталуы, тарих, тарихқа құрмет, ұлттық өнер, туысқандық дәстүр, қоғамда, отбасында ұлттық құндылықтардың сақталуы, заман талабына сай икемділік, білімділік, ғылымның мемлекетке тигізер пайдасы бағалау және т.б
Атам қазақта «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген керемет мағыналы сөз бар. Бұл аталы сөз ұлтты ұйыстыруға ұлттық бірегейлікке, елдік пен ауызбіршілікке үндейді. Себебі, ұлттық бірегейліктің түп-тамыры әрбір отбасындағы ұлттық дәстүрден бастау алады. Әрине, жаһандану дәуірінде ұлттық болмысты жоғалтпай, бабадан балаға мирас болып жалғасқан ата дәстүрді ұмытпаған абзал.
Ал ұлттық бірегейлік болмаса не болады? Ұлттық бірегейлік болмаса, тұлғалық бірегейлік болмайды. Тұлға болмаса, тарих та болмас еді. Яғни, ғасырлар бойы қалыптасатын мемлекеттің негізгі құндылықтары – дәл осы тұлғалық қасиет пен ұлттық құндылықтан тұрады.
Кез келген қоғам ұзақ уақыт бойы жинақталған тәжірибені келесі ұрпаққа ізгі дәстүрінсіз жеткізе алмайтынын есте сақтағанымыз абзал. «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды», – деп Елбасы кез келген қоғамдық, әлеуметтік үдеріске қазақы салт-санамен бейімделу қажеттілігін баса айтқан.
Құқықтық кадастрдан мәліметтер беру
"Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17 – бабына сәйкес Құқықтық кадастрдан алынған ақпарат, сондай-ақ құқықтық кадастрдың тіркеу ісіндегі құжаттардың көшірмелерін "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Тіркеуші органы-филиалы Жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша ұсынады.
Құқық иеленушіні сәйкестендіретін деректерді (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және жеке тұлғаның туған күнін) қоспағанда, жеке тұлғалар (дербес деректер) туралы ақпаратты ашатын мәліметтер берілмейді.
Құқықтық кадастрдың тіркеу ісіндегі құжаттардың көшірмелері сот, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың оңалту және банкроттық рәсімдерін жүргізу шеңберінде уақытша, банкроттық және оңалтуды басқарушылардың, мәжбүрлеп таратылатын заңды тұлғаның тарату комиссиясының (таратушының), сондай-ақ сот орындаушыларының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыретіне сәйкес дәлелді сұрау салулары бойынша ұсынылады Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өз құзыреті шегінде, жеке сот орындаушысының немесе аумақтық бөлімнің мөрімен расталған атқарушылық құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, олардың өндірісіндегі атқарушылық іс жүргізу істері бойынша. Өзге тұлғаларға көрсетілген ақпарат құқық иеленушінің жазбаша келісімімен беріледі.
Құқықтық кадастрдың тіркеу ісіндегі құжаттардың көшірмелерін тіркеуші орган ақпарат алуға сұрау салу берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынуға тиіс.
Тіркелген орган куәландырған жылжымайтын мүліктің нақты объектісі бойынша ақпарат және жеке немесе заңды тұлғаның өзінде бар жылжымайтын мүлік объектілеріне құқықтары (құқықтарының ауыртпалықтары) туралы жалпыланған деректер құқық иеленушінің (уәкілетті өкілдің) сұрау салулары және дәлелді сұрау салулар бойынша беріледі:
1) адвокаттар;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыретіне сәйкес іс жүргізудегі қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша құқық қорғау, сот органдары;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыретіне сәйкес өндірістегі атқарушылық құжаттар бойынша сот орындаушылары;
4) Мемлекеттік кірістер органдары мен басқа да мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыретіне сәйкес;
5) нотариустар, мұрагерлер;
6) оңалту және банкроттық рәсімдері шеңберінде уақытша, банкроттық және оңалтуды басқарушыларды, мәжбүрлеп таратылатын заңды тұлғаның тарату комиссиясын (таратушысын);
7) қорғаншылық және қамқоршылық органдары;
8) құқық иеленушінің жазбаша келісімімен өзге тұлғалар.
Аталған адамдар жылжымайтын мүліктің нақты объектісі бойынша ақпаратты және жеке немесе заңды тұлғаның құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесімен интеграциялау арқылы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "электрондық үкімет" веб-порталында өзінің бар жылжымайтын мүлік объектілеріне құқықтары (құқықтарының ауыртпалықтары) туралы жалпыланған деректерді алуға құқылы.
Жылжымайтын мүлікке құқықтың тіркелген ауыртпалығы туралы, сондай-ақ заңды тұлғалардың тіркелген құқықтары (құқықтарының ауыртпалықтары) және жылжымайтын мүлікке тіркелген ауыртпалықтар, жылжымайтын мүлік объектісіне заңды талаптар туралы Құқықтық кадастрдан ақпарат жеке және заңды тұлғалардың сұрау салуы бойынша беріледі.
Қазақстан тәуелсіздік алған уақыттан бастап барлық саланы дамытуға, ілгерілетуге күш салды. Алдымен экономиканы, халықтың әл-ауқатын жақсарту бірінші орында тұрған еді. Қазір Қазақстан – әлемдік аренада өзіндік орны бар, қалыптасқан мемлекет. Бүгінде еліміз дамыған мемлекеттер жолымен жүріп келеді. Осындай жолдардың бірі – мемлекеттік қызметтер көрсетуді оңтайландыру, оны басқа бағытқа сала отырып, дамыту. Қазақстан халықаралық тәжірибеге сүйеніп, мемлекеттің бірқатар функцияларын жеке салаларға беруді жүзеге асыруда. Қазіргі уақытта осындай салалардың бірі жеке сот орындаушылары институты болып отыр.
Елбасының бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бағытындағы 100 нақты қадам Ұлт жоспарының «Жекеменшік сот орындаушылар институтын одан әрі дамыту. Сот орындаушыларының мемлекеттік қызметін біртіндеп қысқарту» көзделген 27-қадамын орындау мақсатында 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап соттардың және басқа да уәкілетті органдардың атқарушылық құжаттарының басым бөлігі жеке сот орындаушыларының орындауына берілуде.
Жеке сот орындаушылары ешкімге тәуелді болмай, жеке табысы арқылы өзін-өзі қаржыландырады. Дегенмен де олардың құзыретіне, заңды пайдалануына келсек, мемлекеттік сот орындаушысымен тепе-тең. Мемлекеттік сот орындаушысы жалақысын мемлекеттік бюджеттен алса, жеке сот орындаушылары өздерінің атқарған жұмыстарына байланысты қаржыландырылады. Жеке сот орындаушы қызметіне ақы төлеуді борышкерден өндіріп алынған қаражат есебінен жүргізеді. Яғни, қызметі үшін ақыны өндіріп алынған қаржының немесе мүлік құнының белгілі бір пайызынан алады.
Жеке сот орындаушылары институтына келер болсақ, олардың саны жылдан-жылға артып келеді. Жеке сот орындаушыларының мемлекет үшін бір жақсы жағы жоғарыда айтып кеткенімдей – мемлекет оларға бюджеттен ақша бөлмейді. Жеке сот орындаушыларының мемлекеттіктен айырмашылығы – оның жұмыс ақысының жүйесі өте ыңғайлы. Себебі, ол қарыз адамнан белгілі бір бөлшегін алатындықтан, жұмысының жылдам орындалуын басты назарға алады. Яғни, атқарушылық құжатты неғұрлым тез аяқтауға асығады. Нәтижесінде, атқарушылық құжаттардың орындалу пайызы артады. Бұл азаматтардың сенімін арттырып, жеке сот орындаушыларының жұмысына қанағаттану тенденциясын қалыптастырады. Біздің күтіп отырған нәтижеміз де осы. Мақсат – жеке сот орындаушылары арасында бәсекелестікті тудыра отырып, халыққа жылдам әрі сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету. Бір жағынан соттар мен уәкілетті органдардың атқарушылық құжаттарының жылдам орындалуы да, олардың жұмыс көрсеткішін көтеруге әсерін тигізеді.
Елімізде мемлекеттік және жеке сот орындаушысы қатар жұмыс жасап отырғандықтан, мемлекеттік сот орындаушысына берілген кейбір құқықтар жеке сот орындаушыларына берілмеген. Мысалы, мемлекеттік сот орындаушысы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыруға құқылы. Жеке сот орындаушысына мұндай міндетті атқаруға тыйым салынған. Сот актілерін орындаудан бас тартатын борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесін шешуде бұл жағдай қиындықтар туғызуда. Өйткені әрбір жеке сот орындаушысы әрбір атқарушылық құжаттың артында азаматтардың құқығы, мүддесі, тіпті тағдыры тұрғанын түсінеді деп білемін.
Уақыт талабына сай келу үшін, жеке сот орындаушылар институты, кез келген маңызды даму процестері сияқты, үнемі дамытуды және тиімділігін арттыруды қажет етеді. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізу біраз мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, жеке сот орындаушылардың қызметін құқықтық тұрғыда реттеу, олардың қызметінің өтемділігі мен уәждемесін көтеру, жеке сот орындаушылар кеңсесін, тәртіптік тәжірибесін жетілдіру, сот шешімдері мен заң талаптарын мәжбүрлеп орындату жүйесінің қолжетімділігі мен ашықтығын арттыру тәрізді бірқатар міндеттерді орындауға заңдарға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тигізер пайдасы мол болмақ.
Атқару өндірісін қамтамасыз ету
бөлімінің бас маманы Е.Е.Ауесбаев
Батыс елдерінде зияткерлік меншікті қорғау мемлекеттің құзыретіне айналды және өнеркәсіп пен жаңа технологиялардың қарқынды дамуымен бірге белсенді дамып келеді, олардың көпшілігі ХХ ғасырдың ғылыми жаңалықтарына негізделген. Бұл кейбір елдерге белгілі бір өнімді өндіруде әлемдік көшбасшы болуға және үлкен пайда алуға мүмкіндік берді.
Қазақстанның әлемдік НАРЫҚТЫҚ КЕҢІСТІККЕ кіруі (бірінші кезекте, ДСҰ-ға кіру), елдің табысты индустриялық-инновациялық дамуы Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік саласындағы ұлттық заңнамасын жетілдіруді талап етеді.
Осыған байланысты Президент Қазақстан халқына Жолдауында: "Біз жаңа технологиялар мен жаңа экономика әлеміне біздің жолсерігіміз — экономикалық дамуды басқарудың түбегейлі жаңа жүйесін — ұлттық инновациялық жүйені құруды бастадық. Қазір индустриялық-инновациялық даму инфрақұрылымы қалыптасты. Мұны растау-бұл жас таланттардың элиталық біліміне ерекше назар аудару нәтижесінде әлемдегі ең кедей елдердің бірінен байларға дейін басталған Жапонияның тәжірибесі. Сондықтан қазір барлық дамыған мемлекеттер бір жағынан ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға үлкен қаражат салуда, екінші жағынан, зияткерлік меншікті қорғау ісінде үлкен күш салуда және сонымен бірге өз өнімдерін жылжытуда авторлық құқықты қорғау туралы мәселені қатаң қояды. Қазақстан өнертабыстарға тіркелетін патенттер саны бойынша Ресей және Украинамен қатар ТМД елдері арасында көшбасшылар үштігіне кіреді.
Зияткерлік серпіліс Қазақстан үшін нақты міндет болып табылады, өйткені біздің еліміз бұған барлық алғышарттарға ие: біліктілігі жоғары кадрлар да, ең бастысы, қаржылық мүмкіндіктерге де ие. Нақ сондықтан да Қазақстан ғарыш бағдарламасына, мұнай химиясын, ядролық физиканы және т. б. дамытуға қомақты қаражат салып келеді.
Елдің перспективалық дамуының ең сенімді негізі, табиғи байлықтардың болуына немесе болмауына қарамастан, оның өркендеуінің кепілі. Бұған ұлттың бәсекеге қабілеттілігі, мемлекетіміздің бәсекеге қабілеттілігі негізделеді.
Қарағанды облысының
әділет Департаментінің
зияткерлік меншік құқықтары
бөлімінін жетекші маманы Абикеев А.Е.
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 20-бабына сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу келесі тәртіпте жүзеге асырылады.
-мемлекеттік тіркеу үшін осы Заңның 21-бабында көзделген құжаттарды қабылдау;
-жасалатын мәміленің және (немесе) жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтары) туындауына, өзгеруіне, тоқтатылуына негіз болып табылатын өзге де заңдық фактілердің (заңдық құрамдардың) заңдылығын немесе мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілерін тексеруді қоса алғанда, мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын құжаттардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін тексеру;
Тіркеуші орган жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін қажетті жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық және сәйкестендіру сипаттамалары туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады;
-тіркеу парағына жүргізілген тіркеу не осы Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттік тіркеуден бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы жазба енгізу;
-құқық белгілейтін құжатта жүргізілген мемлекеттік тіркеу туралы жазба жасау;
-жүргізілген тіркеу туралы белгісі бар құқық белгілейтін құжатты, не осы Заңда көзделген негіздер бойынша мемлекеттік тіркеуден бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы құжатты беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру.
Жай жазбаша нысанда жасалатын, қолма-қол ақшасыз нысанда жылжымайтын мүлікпен мәміле бойынша есеп айырысу жүзеге асырылған кезде тараптардың келісуімен тіркеуші орган мәмілені қамтамасыз ету мақсатында банктік шот ашылған екінші деңгейдегі банкке немесе Ұлттық пошта операторына жүргізілген тіркеу туралы хабарлама жібереді.
Электрондық тіркеу құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары) мәміле, мұраға құқық туралы куәлік, меншік құқығы туралы куәлік негізінде туындаған, өзгерген немесе тоқтатылған жағдайларда, сондай-ақ осы Заңда белгіленген өзге де жағдайларда жүзеге асырылады.
Қарағанды облысы Әділет департаментінің
тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету
және бақылау бөлімінің
бас маманы
А. Мусина
Қазақстан Республикасында 1999 жылғы 26 шілдеде «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заң (бұдан әрі – Заң) қабылдаған. Бұл Заң 13 тарау, 48-баптан тұрады. Аталмыш Заң тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын және тауар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге, құқықтық қорғауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасында тауар таңбасын құқықтық қорғау Заңда белгіленген тәртіпте оларды тіркеу негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына орай тіркеусіз беріледі (Заңның 4-бабы). Тауар таңбасына куәлікпен куәландырады, тауар таңбасының иесі көрсетілген тауарлар мен қызметтерге қатысты өзіне тиісілі тауар таңбасын пайдалану мен оған иелік етудің айрықша етудің айрықша құқығына ие. Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар таңбаларының иесі оны пайдалану мен оған иелік етудің айрықша құқығына ие, сонымен қоса қорғалатын тауар таңбасын оның иесінің келісімінсіз ешкім де пайдалана алмайды.
Заңның 5-бабына сәйкес тауар таңбасы ретінде бейнелеу, сөз, әріп, цифр, көлем белгілері және өзге де белгілер немесе бір тұлғалардың тауарлары мен қызметтерін басқа тұлғалардың біртектес тауарларынан немесе қызметтерінен ажыратуға мүмкіндік беретін олардың аралас үлгілері тіркелуі мүмкін.
Тауар белгісі - бұл кейбір заңды немесе жеке тұлғалардың тауарларын (қызметтерін) басқа заңды немесе жеке тұлғалардың ұқсас тауарларынан (қызметтерінен) ажыратуға қызмет ететін белгі. Әрбір тауар белгісі белгілі бір тауарлар мен қызметтерге қатысты тіркеледі. Тауарлар мен қызметтер тауар таңбаларын тіркеуге арналған, жіктеу келісімімен (Ницца келісімі) белгіленген, тауарларды және қызметтерді тауарларды тіркеудің халықаралық классификациясына сәйкес жіктеледі. (Бұдан әрі - Тауарлар мен қызметтердің халықаралық классификациясы). Тауарлар мен қызметтердің халықаралық жіктемесі 45 сыныптан тұрады: Тауарлар мен қызметтердің халықаралық классификациясы 1-ден 34-ке дейінгі класстары тауарлар, ал 35-тен 45-ке дейін - қызметтер. Тауар таңбасына құқық Қазақстан Республикасының Тауар таңбаларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу туралы жазбамен куәландырылады және Қазақстан Республикасының Тауар таңбаларының мемлекеттік тізілімінен үзіндімен расталады.
Өтініш берілген күні Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы заңының 9-бабының 2-тармағының талаптарына сай өтініш Ұлттық зияткерлік меншік институтына түскен күннен бастап белгіленеді. Тауар белгісі ретінде сурет, ауызекі, әріптік, сандық, көлемді және өзге де белгілер немесе олардың үйлесімі ретінде тіркеледі. Тіркеу кезінде алдын ала сараптама – өтiніш берiлген күннен бастап он жұмыс күні iшiнде, ал толық сараптама – өтiнiш берiлген күннен бастап жеті ай iшiнде жүргізіледі. Тауар таңбасын тіркеудің қолданылу мерзімі оның қолданылуының соңғы жылы ішінде берілген иесінің өтініші бойынша әр жолы он жылға ұзартылып отырады. Тіркеудің қолданылу мерзімінің ұзартылуы туралы мәліметтер Тауар таңбаларының мемлекеттік тізіліміне және куәлікке енгізіледі.
Рахимбергенов Қ.Б.
- Қарағанды облысы
Әділет департаменті
басшысының орынбасары
Авторлық құқықты тиімді қорғау мақсатында күш-жігерді біріктіру идеясы тек шығармашылық қарым-қатынас мақсатында ғана емес, авторлардың заңды мүдделерін қорғауға бағытталған одақтар пайда бола бастаған кезде XIX ғасырдан басталады. Францияда тарихтан белгілі оқиға, бірнеше авторлар өздерінің музыкалық туындыларын авторлық сыйақы төлемей орындаған мейрамханада төлеуден бас тартқан кезде. Алайда XIX ғасыр авторларының алғашқы одақтары. олардың авторлық құқықтарды ұжымдық басқарудың қазіргі заманғы ұйымдарымен ешқандай байланысы жоқ, өйткені оларды қорғау және жүзеге асыру ауыртпалығы әлі де авторлардың өзінде болды.
Авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқару қазіргі мағынада әр түрлі адамдар арасында туындыларды құру және оларға құқықтарды жүзеге асыру және қорғау функциялары бөлінген кезде ғана пайда болады. Біріншісі – авторлар мен орындаушылардың міндеті, екіншісі-авторлар мен пайдаланушылар (концерттерді ұйымдастырушылар, кафелер, мейрамханалар, клубтар, сауда орталықтарының иелері және т.б.) арасында кәсіби делдал ретінде әрекет ететін арнайы құрылған ұйымдардың міндеті. Келесі анықтаманы беруге болады:
Авторлық құқықтарды ұжымдық басқару – бұл үшінші тұлға-пайдаланушылармен қарым-қатынаста авторлар мен құқық иеленушілердің мүдделерін білдіруге уәкілетті арнайы құрылған ұйымдардың авторлық және сабақтас құқықтарды жүзеге асыруы және қорғауы. Сабақтас құқықтар мен авторлық құқық объектілерін олардың ірі ұйымдардың қолында шоғырлануы есебінен заңды пайдалану мүмкіндігін жеңілдету, бұл пайдаланушыларға осындай объектілерді пайдалануға лицензия беруге уәкілеттік берілген адамды іздестіруді жеңілдетеді;
Авторлық құқықтар мен сабақтас құқықтарды басқару зияткерлік құқықтарды тиімді жүзеге асыруға және қорғауға арналған. Бұған арнайы құрылған ұйымдарға лицензия беру, сыйақы жинау және авторлардың мүдделері үшін сот ісін жүргізу өкілеттіктерін беру арқылы қол жеткізіледі, бұл өз кезегінде шығармашылыққа назар аудара алады.
Теміртау Әділет басқармасы
«Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау туралы»
Біз өмір сүріп жатқан қоғамда тіршілік етіп отырған соң ондағы қарапайым адамдар белгілі бір әдепке сай қарым-қатынас жасайтыны белгілі. Ал, күнделікті қызметінде тұрғындардың түрлі уәжіне құлақ асып, олардың мәселелерімен айналысатын мемлекеттік қызметшілерге тиісті әдеп нормаларын сақтау басты міндет болып табылады.
Бүгінде мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән беріледі. Мемлекеттік қызметші имиджінің тұтастығы жоғары кәсібилік пен жеке құзыреттердің, моральдық адамгершілік қасиеттердің және әдептілік мінез-құлықтың көрінуіне негізделген. Оларды қатаң сақтау біздің іске деген байыпты қатынасымызды, демек, жоғары кәсібилікті көрсетеді.
Әр мемлекеттік қызметші өз ұжымдарында гендерлік теңдікті бағалайды. Біз үшін айналадағы адамдарға қатысты келіспейтін, дөрекі, әдепсіз, кемсітушілік және ар-намысқа тіл тигізетін сөздер қабылданбайды. Әрбір әріптестің дағдыларын және қабілеттерін бағалау, оның ар-намысын құрметтеу және қоқан-лоқы арқылы міндеттерді орындауға мәжбүрлемеу қажет. Тату, үйлесімді, тәртіпке бағынатын ұжым өз ісін, жиі шиеленістер болатын ұжымға қарағанда, тез әрі жақсы орындайды.
Мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметшілердің беделі мен имиджіне зиян келтіретін әрекеттерге жол бермеуі тиіс. Біз мемлекеттік қызметшінің жағымды бейнесін қалыптастыруымыз керек.
Сонымен қатар, бізге сеніп жүктелген ресурстарды барынша ұтымды және тек қызметтік мақсатта тиімділік пен үнемділік қағидаттарына сәйкес пайдалану қажет. Мемлекеттік қызметші жан-жақты дамыған тұлға болуы тиіс, үнемі салауатты өмір салтын ұстануы және отбасы құндылықтарын насихаттауы қажет. Бұдан басқа, жұмыстан тыс уақытта бізге рухани баю үшін мәдениет және демалыс мекемелеріне бару керек, қайырымдылық пен қоғамдық қызметке қатысу, мүмкіндігінше волонтерлық қызметпен айналысу және т.с. қажет.
Бұл ретте, бізге мас күйде қоғамдық орындарда болу, адамның ар-намысына тіл тигізу, заңнаманы бұзу, қоршаған адамдардың тәртібі мен қауіпсіздігіне қол сұғу сынды адамгершілікке жатпайтын қылықтарға жол бермеу керек. Әрқайсымыз жұмыстан тыс уақытта біз өз іс-әрекетіміз бен мінез-құлығымызға жауапты екенімізді, ал кез келген жағдайда әдеп қағидаттарын сақтау қоғамның мемлекеттік қызметке деген жоғары сенімінің негізі болып табылатындығын есте сақтауымыз қажет.
Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңына сәйкес, заң консультанты дегеніміз- жоғары заң білімі бар, заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар, аттестаттаудан өткен, заң консультанттары палатасының мүшесі болып табылатын және заң көмегін көрсететін жеке тұлға болып табылады. Заң консультанты заң көмегін дара кәсіпкерлік түрінде жеке практикамен айналыса отырып не дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеусіз, сондай-ақ заңды тұлғамен еңбек шарты негізінде өзі дербес көрсете алады. Заң көмегін көрсету жөніндегі қызметті реттеу және өз мүшелерінің Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, заң консультанттары палатасының қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын сақтауы бөлігінде олардың қызметін бақылау мақсатында құрылған, заң консультанттары палаталарының тізіліміне енгізілген, мүшелік шарттарында кемінде елу заң консультантын біріктіретін, міндетті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттейтін ұйым заң консультанттары палатасы болып танылады. Заң консультанттары палатасының қызметі "Өзін-өзі реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі уралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының заңнамасымен, сондай-ақ заң консультанттары палатасының жарғысымен, қағидаларымен және стандарттарымен реттеледі. Заң консультанттары палатасының мүшесі Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, палата жарғысының, қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңдарына, заң консультанттары палатасының қағидалары мен стандарттарына сәйкес жауапты болады. Уәкілетті орган заң консультанттары палаталарының Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, заң консультанттары палатасының қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын орындауына заң көмегін көрсету саласындағы бақылауды жүзеге асырады. Қарағанды облысы
Әілет департаменті
Құқықтық түсіндіру және халыққа
заңгерлік көмек көрсету бөлімінің
бас маманы
М.Мұздыбаева