Мәжбүрлеп орындату комитетінің төрағасы Махсат Балабеков Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз маслихатын берді

Мәжбүрлеп орындату комитетінің төрағасы Махсат Балабеков Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз маслихатын берді

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитетінің төрағасы Махсат Балабеков атқарушылық құжаттарды орындау нәтижелері туралы мәлімдеді. 

Махсат Балабеков жалпы алимент өндіру туралы атқарушылық іс жүргізу істері бойынша жұмысына бөлек тоқталды.

Ол сот орындаушыларымен ұйымдастырушылық (борышкерлердің көліктерін ұстау және сату, жасырын кірістерін анықтау, борышкерлерді жұмысқа орналастыру және т.б.) іс шаралар жүйелі түрде жиі өткізілетіндігін атап өтті.   

Сондай-ақ бос орындар жәрмеңкелерінде алимент бойынша борышкерлерді жұмысқа орналастыру жолға қойылғандығын айтты.

2024 жылғы тамыз айында іске қосылған 20 АЕК-ке дейінгі әкімшілік айыппұлдар мен салық берешектері жататын жеңілдетілген өндіріске бөлек тоқталды және азаматтардың үнемделген ақша сомасы 1 млрд.теңгеден асқанын атап өтті.

Махсат Балабеков атқарушылық процесінің автоматтандыру бойынша жұмысы әрі қарай жүзеге асатындығына назар аударды.

Комитет азаматтардың құқықтарын қорғау, сот орындаушыларының қызметін бақылау және процестерді автоматтандыру бойынша тиімділікті арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыруды жоспарлап отырғандығына тоқталып өтті.

Брифингте Комитет төрағасы журналистердің мәжбүрлеп орындауға қатысты алимент өндіріп алу туралы және орындау саласындағы басқа да мәселелер бойынша сұрақтарына жауап берді.