Ағымдағы жылдың 23 сәуірінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті төрағасы М. Балабеков пен Жеке сот орындаушылары Республикалық палатасының төрағасы А.Иманбаевтың қатысуымен Шымкент қаласында көшпелі кеңес өткізілді.
Іс-шараға Шымкент қаласы мен Түркістан облысының Әділет департаменттері,өнірлік палаталары менжеке сот орындаушыларықатысты.
Кеңес барысында атқарушылық іс жүргізу саласындағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуы мен азаматтардың өтініштерімен жұмыс жүргізу жағдайы жөнінде ақпарат ұсынылды.
Сондай-ақ, сот актілерінің орындалуын қамтамасыз ету жұмысын күшейтіп, депутаттық корпус пікірлері мен ұсыныстарын ескере отырып жұмысты жалғастыру қажеттілігі жеткізілді.
Сонымен қатар, Мәжбүрлеп орындату комитетінің төрағасы Шымкент қаласы Әділет департаментінің ғимаратында азаматтарды қабылдады. Кездесу барысында көтерілген сұрақтарды егжей-тегжейлі талдап, тиісті аумақтық әділет органына жедел шешу үшін тапсырмалар берді.