20 наурыз - "Ұлттық спорт күні"

20 наурыз - "Ұлттық спорт күні"

Наурызнама онкүндігі бойынша 20 наурыз – «Ұлттық спорт» күні болып белгіленген.

Осыған орай, бүгін Мәжбүрлеп орындату комитеті қызметкерлерінің арасында садақ ату ұлттық ойыны ойнатылып, жарыстар ұйымдастырылды.

Қазақтың ұлттық спорты – рух пен намысты қайрап, бойдағы қуатты шыңдауға өз септігін тигізеді. Ұлттық спортпен шұғылданатын спортшылардың бітім-болмысының өзгеден бөлектеніп тұратыны да осыдан болса керек. Ұлттық спортты ұлықтауға арналған бұл күн спортшылар мен қарапайым халық арасында мереке салтанатын ерекше сезінуге септігін тигізері анық.