Жоғарғы Сотта ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік беделдіқ ұқықтық қорғау мәселелері талқыланды

Жоғарғы Сотта ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік беделдіқ ұқықтық қорғау мәселелері талқыланды

Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов «Цифрландыру жағдайында ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік беделді құқықтық қорғаудың заманауи әдістері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге судьялар, Жасанды интеллект және цифрлық даму, Мәдениет және ақпарат, Әділет министрліктерінің, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың, Бас прокуратураның, сондай-ақ заңгерлік қауымдастықтардың өкілдері қатысты.

Сессияны аша отырып, Н.Шәріпов цифрлық ортада ақпарат таратудың жоғары жылдамдығы мен ауқымын атап өтті. Ол тіпті абайсыз айтылған сөз немесе жалған жарияланым жеке тұлғаның да, ірі ұйымның да беделіне бірден елеулі зиян келтіруі мүмкін екенін, ал оны қалпына келтіру бірнеше жылға созылуы мүмкін екенін айтып өтті. 

Сонымен қатар, цифрлық орта авторлардың анонимділігіне немесе географиялық қашықтығына байланысты жазасыздық иллюзиясын тудырады.

Жоғарғы Сот судьясы Нұрия Сисенова осы санаттағы істер бойынша сот практикасы туралы баяндама жасады. 

Қарағанды  облыстық сотының алқа төрағасы Ғалым Құлекеев әсіресе, жарияланым кеңінен таралған кезде моральдық зиянды өтеу көлемін анықтау мәселесіне тоқталды.

Ақмола облыстық сотының алқа төрағасы Алтын Шойынбекова клиенттердің жоғалуына және бизнес үшін айтарлықтай қаржылық шығындарға әкеп соққан дәлелсіз жарияланым жайлымы салдар келтірді.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің департамент директоры Анар Мұқатаева, Астана қаласы Заң консультанттары палатасының төрағасы Әнуарбек Сқақов және Әділет министрлігінің Сот сараптамасыорталығының сот сараптама-филологы НазымМұқанова да талқылауға қатысты. 

Олар қарастырылып отырған мәселеге қатысты өз көзқарастарын білдірді.

Әділет министрлігі комитеті төрағасының орынбасары Зарина Өтепова сот актілерін орындаудың практикалық қиындықтарына назар аударды: оның айтуынша, жарияланымды алып тастау немесе теріске шығару сот процесін жеңіп алудан да қиын.

Н.Шәріпов талқылауды қорытындылай келе, мәтіндерді (тек жеке үзінділерді емес) кешенді лингвистикалықсараптау, интернеттен ақпаратты алып тастау тетіктерін жетілдіру және ақпараттың таралу көлеміне негізделген моральдық зиян үшін өтемақы өндіріп алу тәсілдерін нақтылау сияқты ұсыныстардың маңыздылығын атап өтті.

Осы ұсыныстардың барлығын Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысының жобасын әзірлеушілер ескереді, өйткені ол адамның ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау құқығы мен сөзбостандығы құқығы, сондай-ақ ақпаратты еркін алу және тарату арасындағы тепе-теңдікке қол жеткізуге бағытталған. 

Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысының жобасында, атап айтқанда, жала жабу туралы мәліметтаратқан интернет-ресурстар мен аккаунттардың иелерімен дауларды шешудің міндетті сотқа дейінгі рәсімі көзделген. 

Тексерілетін фактілермен сот қорғауына жатпайтын құндылықтарды ажырату қажеттілігі атап өтілген.