Назар аударыңыз! Алаяқтар туралы ескерту.

Назар аударыңыз! Алаяқтар туралы ескерту.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті азаматтарды алаяқтардың Әділет министрлігінің эмблемасын заңсыз пайдалана отырып өздерін сот орындаушылары ретінде таныстыратын әрекеттері жиілеп кеткені туралыескертеді.

Алаяқтар өздерін сот орындаушысы ретінде көрсете отырып, азаматтарды есепшоттарды бұғаттаумен, мүлікке тыйым салумен және басқа да шаралармен қорқытып,  «берешекті» шұғыл түрде өтеуді талап етеді. Мұндай айла-тәсілдерге алданбаңыздар!

Атқарушылық іс жүргізудің бар-жоғын https://aisoip.adilet.gov.kz сайтында:

– «Борышкерлер мен тыйым салулар тізілімі» немесе «Атқарушылық құжатты іздеу» бөлімінде;

– жеке ЭЦҚ-ны пайдалана отырып «Тараптар кабинеті» арқылы авторизация жасау арқылы;

– «Азаматтарға арналған» бөліміндегі байланыс деректері арқылы сот орындаушысына тікелей қоңырау шалу арқылы өз бетінше тексере аласыз.

Сондай-ақ, «Adilet» мобильді қосымшасы арқылы қол жеткізуге болады.

Қосымша ақпаратты Әділет министрлігінің және Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының ресми сайттарынан білуге болады.

Заңсыз әрекеттердің алдын алу үшін Комитет тек ресми дерек көздерге ғана сенуді және дербес деректерді үшінші тұлғаларға және күмәнді интернет-ресурстарға бермеуді ескертеді.

Сондай-ақ, құқықтық кеңесті 119 нөмірі бойынша Саll-орталықтан(Құқықтықақпаратқызметі, Қазақстанбойыншастационарлықтелефондарданқоңырау шалу арқылы), сондай-ақ 119 Kenesbotтелеграм-арнасы немесе Қазақстан Республикасының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінің сайтындағы «Виртуалды кеңесші» айдары арқылы (http://adilet.zan.kz/rus)алуғаболады.



.