Мәжбүрлеп орындатудыңзаманауимоделінқалыптастыру: ашықтық, бақылаужәнетехнологиялар

Мәжбүрлеп орындатудыңзаманауимоделінқалыптастыру:  ашықтық, бақылаужәнетехнологиялар

Қазақстанда мәжбүрлеп орындату саласында процестерді автоматтандыруға, субьективті араласуды болдырмауға және құқықтық жауапкершіліктетіктерін күшейтуге негізделген жаңа цифрлық жоба қалыптасуда. Реформаныңбасты өзегі – қолжетімділік пен ашықтық. Негізгі құрал ретінде–«Цифрлық сот орындаушысы», «Тараптаркабинеті» жәнеталдамалық құралдар – бұл құқықтықмемлекеттіңэлементтеріретінде ұсынылып отыр.

 

Сот және орындауға жататын өзге де актілер арқылы іске асырылатын құқықтарды қорғау саласында атқарушылық іс жүргізу құқықтық қорғаудың және бұзылған құқықтарды  қалпына келтірудің соңғы кезеңі болып табылады.Басқаша айтқанда,мәжбүрлеп орындату  саласы қабылданған сот және орындауға міндетті өзге де актілер нақты іске асырылатын кезең.Оның негізі болып мәжбүрлеп орындатуға жататын атқарушылық құжат– сот берген акт  немесе өзге де уәкілетті органның ұйғарымы жатады.

Сондықтан қоғам тарапынан осы бағытқа жауапты мемлекеттік институттарға қойылатын талаптың артуы заңды.Азаматтар үшін сот шешімін алу ғана емес, оның нақты, уақтылы орындалуына сенімді болуы маңызды. Демек,азаматтардың сот жүйесіне деген сенімінің нығаюы атқарушылық іс жүргізудің қаншалықты дер кезінде және тиімді жүзеге асырылуы  тікелейбайланысты.

ҚазіргітаңдаҚазақстандаекі мыңнан астам жеке сот орындаушысы жұмыс істейді, бұл 200-ден астаммемлекеттік сот орындаушыларының санынан бірнеше есе көп. Жеке сот орындаушыларықызметін бақылауды Әділет министрлігі (Министрлік), оныңаумақтық бөлімшелері,сондай-ақ коммерциялық емес, кәсіптік ұйымның функцияларын орындайтын жеке сот орындаушыларыныңРеспубликалық және өңірлікпалаталары (Палата)жүзегеасырады.

Палата ұйымдастырушылық-әдістемелік  сүйемелдеу үшін ғана емес,сонымен қатар тәртіптік бақылау,мәжбүрлеп орындатудың барлық жүйесін  талдамалық және цифрлық трансформациялау үшін де жауапты.

Осы жұмыстыңаясындаатқарушылықісжүргізудіңмемлекеттікавтоматтандырылғанақпараттықжүйесін(ақпараттықжүйе) қолдауды және дамытуды Палатағасенімгерлік басқаруға беру қамтамасызетілді. Бұлөзкезегіндемемлекетті операциялық шығындардан босатуғамүмкіндікберді.

Цифрлықтехнологиялардамығансайын, олардыңкүнделікті мәселелерді шешуде, соныңішіндеатқарушылықіс жүргізу сияқты маңызды салада қолдануға дегенқоғамдықсұраныстаартыпкеледі.

Сондықтаншығындарды азайтуға,әкімшілік кедергілерді жоюға және жеке сот орындаушылар тарапынан ашықтықты арттыруға бағытталған цифрлық  тәсілдер кезең-кезеңімен әзірленіпенгізілуде.

Министрлік өткен жылы «Цифрлық сот орындаушысы»депаталатыноңайлатылған іс жүргізуинститутының түбегейліжаңа механизімін іскеқосты.

Алғаш рет ұсынылған формат мәжбүрлепорындатулогикасынтүбегейліөзгертеді: барлықпроцессуалдықәрекеттер– атқарушылық іс жүргізу қозғалғаннан бастап, қамтамасыз ету шараларын қолдануға дейін сот орындаушысыныңқатысуынсызавтоматтытүрдежүзегеасырылады. Бұл тәртіп әзірге 20 АЕК-кедейінгіәкімшілікайыппұлдар менсалықберешектерінөндіріпалуістеріне қатысты қолданылады.

«Цифрлық сот орындаушысын»қолданылған алғашқы жылы-ақ әлеуметтік-экономикалық тиімділігінің оң нәтижелеріде байқалды: азаматтар жеке сот орындаушысының қызмет ақысын төлеу қажеттілігінің болмауына байланысты 1,3 млрд. теңгеден астам  қаражат үнемдеді. Әкімшілік істер бойынша мемлекет кірісіне 5,2 млрд. теңгеден астам қаражат өндірілді.

Осығанбайланысты, «Цифрлық сот орындаушысының»  өндіріп алудың шекті сомасын  20 АЕК-тен 40 АЕК-кедейінұлғайтуды көздейтін заңнамалық түзетулер әзірленуде.Бұған қоса, оңайлатылған тәртіпке басқа да атқару құжаттарының  түрлерін енгізу мәселесі  қарастырылуда.

Осылайша, оңайлатылған іс жүргізуді енгізу, процестерді автоматтандыруға және атқарушылық іс жүргізуге қатысушыларға  қаржылық жүктемені азайтуға бағытталған құқықтық саясаттың заманауи векторын көрсетеді.

Министрлік бұл жетістіктермен шектеліп қалмай, осы саланы қайта форматтау бойынша одан әрі жұмысынжалғастыруда.

Бұл мәселеде цифрландыру көмекші құрал ретінде ғана емес, мәжбүрлеп орындатудың жаңа моделінің құрылымдық негізі ретінде қарастырылады.

Цифрлыққолжетімділіктікеңейтужәнетараптардың интерактивті өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында"AdiletGov" мобильдікқосымшасыәзірленді.Ол пайдаланушыларға атқарушылық іс жүргізудің мәртебесі, мәжбүрлеу шаралары, хабарламалар және қаулылардың көшірмелері туралы ақпарат береді.

Осы тұрғыда, (АІЖО ААЖ базасында құрылған)«Тараптар кабинеті»  электрондық  сервисінің енгізілуі  ерекше маңызға ие болуда, ол  атқарушылық іс жүргізуге қатысушы тараптарға ісматериалдарына  ақпараттық жүйе арқылы үздіксіз және тең қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

Аталған платформада сот орындаушымен қабылданған және қабылданбаған барлық шараларды, сондай‑ақ атқарушылық іс жүргізуге қатысты сот орындаушысымен жүргізілген әрекеттер хронологиясы көрсетіледі.Өндіріп алушыға немесе борышкерге ақпараттық жүйеден алынған деректермен байланыстыра отырып, өтініштер мен өтініш хат жіберу  арқылы сот орындаушысының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) ықпал етуге мүмкіндік беріледі. Бұл қоғамның негізделген сұраныстарын уақтылы қанағаттандыруға мүмкіндік береді және көбінесе бақылау шараларының субъектісіне айналатын сот орындаушыларының өздеріне әкімшілік қысымды айтарлықтай төмендетеді деп күтілуде.

Егер бұрын шағымдар жолданған сайын жеке сот орындаушыға қатысты жоспардан тыс тексерулер тағайындалса, енді сот орындаушының әділет органдарымен Палатаның араласуына дейінкемшіліктерді анықтап, өзінеоны жоюға мүмкіндік беріледі.

Алайда, сот орындаушылардың заң бұзғаны үшін жауапкершілігі еш жеңілдетілмейді. Керісінше, ЖСО-ны тәртіптік жауапкершілікке тарту тәртібі жүйелі түрде қатаңдатылады.

Министрліктің бастамасымен тәртіптік комиссия шешімдері міндетті сипатқа ие болады. Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатының нәтижелері бойынша (Қазақстанда «Жеке сот орындаушылар институтының даму мәселелері мен перспективалары» тақырыбында) әзірленген ұсыныстарды орындау мақсатында Палатамен ЖСО-ға қатысты тәртіптік жауапкершілігін  қарау туралы Ережегебірқатар түзетулер енгізді. Өзгертулер ЖСО-ның жауапкершілікке тартылмай кетуіне жол ашатын кейбір жеңілдететін жағдайлар алынып тасталды.

Тәртіптік комиссия жұмысының ашықтығын және заңдылығын қамтамасыз ету үшін,оның құрамына алғаш рет қоғам өкілдері енгізіледі, олар әрбір нақты жағдайды қарауға тікелей қатысады. Сонымен қатар шағымданушы азамат тәртіптік іс бойынша комиссия отырысында бақылаушы ретінде қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Сонымен қатар қабылданған шешімдердің заңдылығы мен толықтығын автоматты түрде тексеруге бағытталған «цифрлық көмекші» немесе өтініштерді автоматтандырылған талдау құралы әзірленуде. Бұл нақты уақыт режимінде  сот орындаушысының барлық әрекеттерін  тіркеуге,оның қызметіндегі ықтимал құқықбұзушылықтар туралы сигнал беріп,тиісті  шаралар қабылдау үшін  Министрлікке жолдауға мүмкіндік береді.

Өндіріп алушылар мен борышкерлердің қарапайым сұрақтарына жауап беру  үшін генеративті модельдерді  енгізу мүмкіндігі қарастырылуда.

Ұсынылып отырғанжаңашылдықтарМемлекет басшысының өткен жылдың  наурыз  айында Ұлттық  құрылтайдың үшінші отырысында  айтқанартық формальдылықтан бас тарту және сервистік, адамғабағдарланған мемлекеттік басқару моделін құру  тапсырмасына толық сәйкес келеді.

Енгізіліп отырған транспаренттілік шаралары борышкерлердің мүлкін өндіріп алу  рәсімін де қамтиды.Тыйым салынған  мүлікті  сату тәжірибесінде кейбір сауда-саттыққа қатысушылардың әрекеттерінде бірқатар заңбұзушылықтар анықталды.

Ағымдағы рәсімдердің «күшті» және «әлсіз»  тұстары талданып, аукциондарды өткізу  регламентін  және оны өткізу  кезеңін өзгертуге бағытталған заңнамалық түзетулер ұсынылуда.

Осылайша, атқарушылық іс жүргізу реформасы адамға тәуелді модельге негізделіп құрылған,оның әрбір кезеңі тексерілетін, ашық әрі автоматтандырылған болуы тиіс. Мұндай жобаазаматтардың(оның ішінде борышкер мен өндіріп алушыны)құқықтық қорғалуын қамтамасыз етудің мызғымас негізіне айналады. Бұл процестердің созылып кетуін және субьективті фактордың орын алуын жояды. Мемлекет басшысыҚасым-Жомарт Тоқаевтыңқұқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысында: «Әділетті және Қауіпсіз Қазақстанды құру үшін Заң мен Тәртіптің үстемдігін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің берік негізі ретінде бекіту қажет» деп атап өтті. Бұл ұстаным жүргізіліп жатқан реформаның бағыт-бағдарын анықтайды:заң тек жарияланып қана қоймай, нақты жұмыс  істеуі тиіс, ал оның орындалуы бұлжымас, уақтылы және бақылауда болуы қажет.

Аталған тәсіл Мемлекет басшысының2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында да көрініс тапты. Онда цифрландыруды мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырудың басым бағыттарының бірі ретінде айқындалған.

Осыған орай атқарушылық іс жүргізудің дамуы – бюрократияны қысқарту, жауапкершілікті күшейту, рәсімдердің тазалығын қамтамасыз ету және мемлекеттік институттарға деген сенімді арттыруға бағытталған жаңғырту стратегиясыныңқұрамдас бөлігі ретінде жүзеге асырылуда. Цифрлық құралдар ендіқосалқы ресурс емес, азаматтардыңмүдделерінебағытталғанашық, есеп беретін жаңа модельретінде қалыптасуда.