Ағымдағы жылдың 11-12 маусымда Алматы қаласында атқарушылық өндірісте жасанды интеллект және цифрлық технологияларды қолдану конференциясы өтті.
Конференцияға ЖСО Республикалық палатасы және Халықаралық сот орындаушылар одағының ұйымдастыруымен өткен ауқымды іс-шараға халықаралық және құқық жөніндегі Гаага конференциясының делегаттары, және төрт континенттен 20 елдің өкілдері келді, сондай-ақ Қазақстан тарапынан конференцияға Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитетінің, Бас прокуратураның, Парламенттің және Сот әкімшілігінің өкілдері де қатысты.
Кездесуде атқарушылық іс жүргізу саласындағы заманауи сын-қатерлер, оның ішінде жасанды интеллектті пайдалану, процестерді цифрландыру және алимент өндірудің халықаралық тәсілдері туралы талқыланды.Бұл саладағы қазақстандық тәжірибе шетелдік сарапшылардың қызығушылығын тудырды.
Шара аясында Қазақстан Республикасының Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев, Мәжіліс депутаты Дмитрий Колода, Сот әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Шакир Шаяхметовпен Халықаралық сот орындаушылар одағының басшылығымен екіжақтыкездесулер өткізілді. Халықаралық ынтымақтастық және атқарушылық іс жүргізу жүйесін одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.
Конференция соңында Халықаралық сот орындаушылар одағыныңпрезиденті Марк Шмитц еліміздегі жеке сот орындаушылары институтының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі үшін белгілі қазақстандық қоғам қайраткері Ирак Елекеевке «Жак Иснар атындағы алтын медальды» табыс етті.