Түркі мемлекеттер ұйымы аясында Жалпытүркі патент ұйымын құру жөніндегі жұмыс тобының отырысы

Түркі мемлекеттер ұйымы аясында  Жалпытүркі патент ұйымын құру жөніндегі  жұмыс тобының отырысы

Астана, Қазақстан — 2025 жылғы 24 сәуірде Түркі мемлекеттер ұйымы (ТМҰ) хатшылығының қолдауымен Жалпытүркі патенттік ұйымын (ЖТПҰ) құру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.

Отырысқа ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік мәселелеріне жауапты органдарының өкілдері қатысты.

Қатысушылар ЖТПҰ-ны құру туралы Конвенция жобасын, сондай-ақ алда атқарылатын жұмыстың негізгі бағыттарын талқылап, ұйымдастырушылық және құқықтық мәселелер бойынша пікір алмасты, отырыстың қорытындысы ретінде алдағы қадамдар айқындалды.

Сондай-ақ, қатысушылар зияткерлік меншікті қорғау саласындағы көпжақты ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екендерін растады.