Астана, 2025 жылғы 22 cәуір – Астанада Қазақстан Республикасының Ұлттық инновациялық стратегиясын әзірлеу жөніндегі жобаның ресми іске қосылуы өтті, оның негізгі құрамдас бөлігі зияткерлік меншік болады. Жоба Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен (ДЗМҰ) серіктестікте іске асырылуда және елдің инновациялық әлеуетін нығайтуға бағытталған.
Іс-шараны ашқан Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова ұлттық инновациялық жүйенің тұрақты өсуі мен жаңғыруына бағытталған стратегияны қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. ДЗМҰ тарапынан ұйымның тиімді инновациялық саясатты қалыптастыруда Қазақстанды қолдауға дайын екендігін білдірген Бас директордың көмекшісі Марко Алеман және Өтпелі және дамыған экономикасы бар елдер департаментінің директоры Хабип Асан алғы сөз сөйледі.
Іс-шара шеңберінде Қазақстанның зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы Шолпан Әбдіреева зияткерлік меншік тетіктерін елдің ұлттық басымдықтарына интеграциялаудың маңыздылығын атап өтіп, зияткерлік меншіктің инновациялық дамудың негізгі драйверлерінің бірі ретіндегі рөлі туралы пайымдауды ұсынды. Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Сайланбаев жаңа технологияларды енгізу перспективаларын атап өтіп, олардың зияткерлік құқықтарды қорғау жүйесімен байланысын атап өтті.
ДЗМҰ сарапшылары өз сөздерінде Қазақстанның айтарлықтай пайдаланылмаған технологиялық әлеуетінің бар екендігін атап өтті. Атап айтқанда, өндірістік салада бұл әлеует 8,6%, ал ғылымда-31,9% - құрайды, бұл технологиялық құзыреттерді, әсіресе инженерлік технологияларды кеңейту және тереңдету үшін мүмкіндіктер ашады. Аталған әлеует технологиялық бағыттардың күрделілігін арттыру қажеттігін айғақтайды, бұл Қазақстанға жаһандық инновациялық жүйеде позицияны нығайтуға мүмкіндік береді.
Қазақстан стратегия ғылыми зерттеулерді ынталандыру, озық технологияларды дамыту және экономиканың түрлі секторларында инновацияларды енгізу үшін пәрменді құрал болады деп есептейді. Зияткерлік меншікті қорғау және тиімді пайдалану үшін қолайлы экожүйені құруға ерекше назар аударылатын болады, бұл Қазақстанның халықаралық инновациялық жүйедегі ұстанымын нығайтуға, елдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға және білім экономикасына көшуге ықпал етуге мүмкіндік береді.