Әділет органдары өткізетін «Антиконтрафакт» республикалық акциясы шеңберінде 2025 жылғы 10 сәуірден бастап 10 мамыр аралығында «Контрафактіге бірге қарсымыз» тақырыбында республикалық фотосуреттер конкурсы өтеді.
Конкурсқа қатысуға 14 жастан 18 жасқа дейінгі жас санатындағы Қазақстан Республикасының азаматтары шақырылады.
Конкурс контрафактілік өнімге теріс көзқарасты қалыптастыруға, зияткерлік меншік саласындағы құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға және ең жақсы контетті ілгерілетудегі жастар бастамаларын қолдауға бағытталған.
Конкурстық жұмыстарды бағалау қорытындысы бойынша, конкурс жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Қатысу шарттары осы анансқа қоса берілген республикалық конкурс туралы ережеде баяндалған.
Котрафактіге «жоқ» деп бірге - айтайық .
«БЕКІТЕМІН»
Қазақстан Республикасының
Әділет вице-министрі
____________ Б. Жакселекова
2025 жылғы «4» сәуір
«Контрафактіге бірге қарсымыз» тақырындағы республикалық фотосуреттер конкурсы туралы
ЕРЕЖЕ
1.1. Осы ереже «Контрафактіге бірге қарсымыз» тақырыбындағы Республикалық фотосуреттер конкурсын (бұдан әрі – Республикалық конкурс) өткізудің тәртібін айқындайды.
1.2. Республикалық конкурстың негізгі мақсаты – балалар арасында зияткерлік меншік туралы білімді кеңінен таныту.
1.3. Республикалық конкурсты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті (бұдан әрі – Комитет) 2025 жылғы 10 сәуірден бастап 10 мамыр аралығында өткізеді.
2.1. Республикалық конкурс үздік фотосуреттерді іріктеу мақсатында өткізіледі.
2.2. Міндеттері:
зияткерлік меншік құқықтарын сақтау мен қорғауды кеңінен таныту және насихаттау;
контрафактілі өнімдерді өндіруге және таратуға қарсы іс-қимыл;
шығармашылық дарынды жасөспірімдерді іздеу және қолдау, балалар мен жастар арасында таланттарды анықтау;
балалар мен жастардың әлемді жақсартуға мүмкіндік беретін идеялар, технологиялар мен тәсілдердің маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру.
4.1. Республикалық конкурс екі кезеңнен тұрады:
бірінші кезең – өңірлік, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының Әділет департаменттерінде (бұдан әрі – Әділет департаменттері).
екінші кезең – республикалық, Комитетте.
4.2. Әділет департаменттері өтінімдерді 2025 жылғы 10 - 25 сәуір аралығында қабылдайды.
4.3. Әділет департаменттері құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін конкурстық жұмыстарды комиссиялық қарауды ұйымдастырады, конкурс нәтижелері бойынша 2025 жылғы 2 мамырға дейін Комитетке бір үздік жұмысты жолдайды;
4.4. Жеңімпаздарды іріктеу бойынша Республикалық кезең 2025 жылғы 5-8 мамыр аралығында өткізіледі.
Республикалық конкурсқа қатысуға өтінім (№2 қосымша);
туу туралы куәліктің немесе жеке куәліктің көшірмесі;
электрондық түрдегі фотосурет.
қатысушының Instagram жеке профиліне ашық қол жеткізу;
#Антиконтрофакт 2025 хэштегімен және @adiletgovkz аккаунтын белгілей отырып, фотосуретті орналастыру.
5.3. Конкурстық жұмыстың мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасына және моральдық нормаларға қайшы келмеуі тиіс.
5.4. Республикалық конкурсқа қатысу тегін. Әр қатысушы бір жұмыс қана ұсына алады.
5.5. конкурс жеңімпаздары екі номинация бойынша іріктеледі:
«Көрермендер таңдауы» Instagram-да ең көп лайк жинаған фотосурет;
осы ереженің 6.1. тармағында көрсетілген критерийлер негізінде комиссияның шешімі бойынша «Кадр шебері» ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
6.1. «Кадр шебері» номинациясында фотосуретті іріктеу келесі критерийлер бойынша жүзеге асырылады:
тақырыпқа сәйкестік;
жаңалығы мен өзектілігі;
мазмұндылығы;
дұрыс композиция, заттардың көлемін беру және тоналды шешім.
7.1. Республикалық конкурсқа қатысуға конкурстық жұмысты жіберу арқылы қатысушы авторлық құқықтарды сақтауға кепілдік береді және үшінші тұлғалар наразылық білдірген туындайтын мәселелерді реттеу кезінде өз бетінше және өз есебінен шешеді.
7.2. қатысушысы өз жұмысын Республикалық конкурсқа жібере отырып, конкурсты ұйымдастырушыларға авторлық құқықтың бүкіл қолданылу мерзімі ішінде, эфирге шығару, кабель, билборд арқылы хабарлау, жалпы жұрттың назарына жеткізу, БАҚ-та жариялау жолымен пайда табусыз ұсынылған конкурстық жұмысты айрықша емес мүліктік құқықты пайдалануға береді.
7.3. Республикалық конкурсқа қатысушылар өздерінің дербес деректерін (Республикалық конкурсқа қатысушы хабарлаған ТАӘ, электрондық пошта мекенжайлары) өңдеуге келісімін береді.
7.4. Республикалық конкурсқа жіберілген материалдар рецензияланбайды және қайтарылмайды.
8.1. Республикалық конкурсты қаржылық қамтамасыз ету республикалық бюджет қаражаты, демеушілік қаражат есебінен жүзеге асырылады.
8.2. Республикалық конкурсқа қатысқаны үшін ақы алуға жол берілмейді.
9.1. Өңірлік кезеңдегі Республикалық конкурстың қорытындысын конкурстық комиссия шығарады, оның құрамына облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының Әділет департаменттерінде мүдделі аумақтық органдар мен қоғамдық ұйымдар, республикалық кезеңде – мүдделі мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар кіреді.
9.2. Конкурстық комиссия материалдардың критерийлерге сәйкестігін қарайды және жеңімпаздарды айқындайды.
9.3. Екі номинация бойынша жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады. Жеңімпаздар ұйымдастырушы тарапынан 2025 жылғы 12 мамырда жарияланады.
1 -қосымша
Облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары Әділет департаменттерінің байланыс ақпараттары
№ р/с |
Мекенжайдың атауы |
Нақты мекенжай |
Электрондық мекен-жайы |
Телефон |
Астана қ. ӘД |
010000 Астана қ., Жеңіс даңғылы 15 |
a.sibagatova@adilet.gov.kz |
8(7172) 321787
|
|
Алматы қ. ӘД |
050000 Алматы қ., Мақатаев к-сі 100 |
e.zhetpisbaev@adilet.gov.kz |
8(7272) 73-44-42 |
|
3. |
Шымкент қ. ӘД |
Шымкент қ., Желтоқсан 16 |
8(3272) 339223 |
|
Ақмола обл. ӘД |
020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Назарбаев көшесі 37 |
k.sandybai@adilet.gov.kz |
8(7162) 402596
|
|
Ақтөбе обл. ӘД |
030000 Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Абай даңғылы 17 |
intellaktobe@mail.ru, t.ubishev@adilet.gov.kz |
8(7132) 563080 8(7132) 578128
|
|
Алматы обл. ӘД |
040000 Алматы облысы, Қонаев қаласы, ш / а. 3, 15 үй |
ma.kaimuldin@adilet.gov.kz |
87017438339 |
|
Атырау обл. ӘД |
060000 Атырау облысы, Атырау қаласы, М. Баймұханов көшесі, 16"А"үй |
s.abilkhairov@adilet.gov.kz |
8(7122) 357545 8 (7122) 357538 |
|
Шығыс Қазақстан обл. ӘД |
070002 Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Шәкәрім даңғылы 6 |
e.kaidarov@adilet.gov.kz |
8(7232) 704061
|
|
Жамбыл обл. ӘД |
080000 Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле би көшесі 55 |
ye.baimoldayev@adilet.gov.kz |
8(7262) 431220 |
|
Батыс Қазақстан обл. ӘД |
090006 Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 208 |
8(7112) 5152 81, 8(7112) 51-36-43
|
||
Қарағанды обл. ӘД |
100019 Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Жамбыл көшесі 11, 302 каб. |
as.aubakirova@adilet.gov.kz |
8 (7212) 420534, 8 (7212) 420524 |
|
Қостанай обл. ӘД |
110000 Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 38 |
8(7142) 533717, |
||
Қызылорда обл. ӘД |
120014 Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Абай даңғылы 52 |
8(7242) 231008
|
||
Маңғыстау обл. ӘД |
140000 Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Астана көшесі 18 |
i.berdibekov@adilet.gov.kz |
8(7292) 302012
|
|
Павлодар обл. ӘД |
140000 Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Астана көшесі 18 |
8(7182) 328364 8(7182) 704873 |
||
Солтүстік Қазақстан обл. ӘД |
150010 Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі 72 |
m.tomas@adilet.gov.kz |
8(7152) 333963 |
|
17. |
Түркістан обл. ӘД |
Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа Қала шағынауданы, 32-көше, 16-ғимарат. |
o.zholdybaev@adilet.gov.kz |
8(7253) 358418 8(7253) 359752
|
18. |
Абай обл. ӘД |
Абай облысы, Семей қаласы, Мәңгілік Ел көшесі 26 А |
8(7222) 562299 |
|
19. |
Ұлытау обл. ӘД |
Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Б. Момышұлы көшесі 9 |
ak.kalieva@adilet.gov.kz |
8 (7102) 765639, 8 (7102) 765639 |
20. |
Жетісу обл. ӘД |
Жетісу обл, Талдықорған қ., Кабанбай Батыра көш. 38 |
e.aubakirov@adilet.gov.kz |
8 (7282) 240641 |
2-Қосымша
Конкурсқа қатысуға өтінімнің үлгісі
«Контрафактіге бірге қарсымыз»
тақырыбындағы республикалық фотосуреттер конкурсына қатысуға
ӨТІНІМ
1 |
Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған жағдайда) |
|
2 |
Туған күні |
|
3 |
e–mail |
|
4 |
Телефон |
|
5 |
Пошталық мекенжайы |
|
6 |
ата-анасының тегі, аты, әкесінің аты |
|
Авторлық құқықтың бүкіл қолданылу мерзімі ішінде қайта шығару, эфирге, кабель, билборд арқылы хабарлау, жалпы жұрттың назарына жеткізу, БАҚ-та жариялау жолымен пайду табусыз ұсынылған конкурстық жұмысты пайдалануға айрықша емес мүліктік құқықтарды беруге келісім беремін.
___________________
(қолы)