
Іс-шара зияткерлік меншік құқықтарын сотта қорғаудың заманауи тәсілдерін талқылау және құқық қолдану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан судьяларын, халықаралық сарапшыларды және кәсіби қоғамдастық өкілдерін біріктірді.
Іс-шараның қатысушылар практикалық тәжірибе алмасып, авторлық құқық иелерінің құқықтарын тиімді және теңгерімді қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған сот тәжірибесінің өзекті мәселелерін талқылады.
Семинар аймақтық ынтымақтастықты нығайту, халықаралық тәжірибе алмасу және Орталық Азия елдерінде зияткерлік меншік құқықтарын қорғаудың одан әрі дамытуға бағытталған.