
2026 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті мен Швейцария Конфедерациясының Федералдық зияткерлік меншік институты арасында онлайн форматта кездесу өтті.
Кездесу барысында тараптар зияткерлік меншік саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады, сондай-ақ өзара іс-қимылдың басым бағыттары бойынша пікір алмасты.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға өзара мүдделілігін растап, сындарлы диалогты жалғастыруға дайын екендіктерін нақтылады.
Анықтама: Швейцария Конфедерациясының Федералдық зияткерлік меншік институты зияткерлік меншік саласындағы ұлттық ведомствоның функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады. Институт зияткерлік меншік объектілерін (оның ішінде патенттерді, тауар таңбаларын және өнеркәсіптік үлгілерді) тіркеу және құқықтық қорғау үшін жауап береді, сондай-ақ осы салада мемлекеттік саясатты іске асырады және халықаралық деңгейде Швейцарияның мүдделерін білдіреді.