
Іс-шара Қазақстан мен Корея арасындағы зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтастық аясында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің бастамасымен Корея Республикасының Зияткерлік меншік саласындағы кадрларды даярлау халықаралық институтымен (IIPTI) ұйымдастырылды.
Анықтама ретінде: Зияткерлік меншік саласындағы кадрларды даярлау халықаралық институты (IIPTI) Корея Республикасы Зияткерлік меншік ведомствосына (MOIP) қарасты аффилиирленген ұйым болып табылады. IIPTI зияткерлік меншік саласында мамандар даярлау, халықаралық тренингтер өткізу және біліктілікті арттыру бағдарламаларын ұйымдастыруға маманданған. https://iipti.moip.go.kr/main.do?lang=en
Дәрісті Корея Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілі
Чан Хок Сок мырза оқыды. Ол цифрлық коммерцияның даму үрдістері мен Қазақстандағы зияткерлік меншік құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері туралы баяндама жасады. Тренинг барысында практикалық кейстер қарастырылып, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі мемлекеттік саясат шаралары талқыланды.
Онлайн-тренинг зияткерлік меншік саласындағы бірлескен ынтымақтастық жобасының нәтижелерін таныстыру, сондай-ақ экономиканы цифрландыру жағдайында тауар белгілерін құқықтық қорғау мәселелері бойынша практикалық тәжірибе алмасу мақсатында өткізілді.
Іс-шараға мемлекеттік органдар мен бейінді ұйымдардың өкілдері, оның ішінде «Қазақстандық стандарттау және метрология институты» РМК, «QazTrade» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Каспи магазин» ЖШС, «Цифрлық Қазақстан қауымдастығы» ЗТБ, сондай-ақ аумақтық әділет органдарының қызметкерлері қатысты.
Тренингтің өткізілуі Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы институционалдық өзара іс-қимылды нығайтуға, тауар белгілеріне құқықтарды қорғау саласындағы құзыреттерді дамытуға және цифрлық ортада құқық қолдану тетіктерін жетілдіруге ықпал етті.