
Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (бұдан әрі – ДЗМҰ) WIPO Global Awards 2026 халықаралық сыйлығы бойынша қатысуға өтінімдер қабылдауға ашық екенін хабарлайды.
Сыйлыққа зияткерлік меншікті бизнесті дамытудың стратегиялық құралы және әлеуметтік-экономикалық әсер қалыптастыру тетігі ретінде пайдаланатын экономиканың барлық салаларындағы (денсаулық сақтау, агроазық-түлік секторы, экология, креативті индустриялар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар) стартаптар, сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қатысуға шақырылады. Өтінім қабылдау
2026 жылдың 15 қаңтарынан 31 наурыз аралығында қабылданады.
Жеңімпаздарға ДЗМҰ және Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесі шеңберінде халықаралық деңгейде танымалдылығын арттыру, коммерцияландыру бойынша жеке менторлық бағдарлама, инвесторлармен және іскер серіктестермен байланыс орнату мүмкіндіктері, сондай-ақ ДЗМҰ Ассамблеясы аясында Женева қаласында өтетін марапаттау рәсіміне шақыру ұсынылады.
Өтінімдер келесі тілдерде қабылданады: араб, қытай, ағылшын, француз, испан және орыс тілдерінде.
Толық ақпарат және өтінім беру нысаны келесі сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.wipo.int/en/web/awards/global .
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің байланыс тұлғасы: Зияткерлік меншік құқығы комитетінің Өнеркәсіптік меншік басқармасының сарапшысы, Рашид Сымбат, тел.+7 7172 74 09 93, + 7 7172 74 06 95, s.rashid@adilet.gov.kz.