Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы «Xiaomi Technologies Kazakhstan» компаниясының өкілдерімен кездесті

Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы «Xiaomi Technologies Kazakhstan» компаниясының өкілдерімен кездесті

2025 жылғы 11 қарашада Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы Шолпан Тоқтарқызы Абдреева «Xiaomi Technologies Kazakhstan» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелері, сондай-ақ ішкі нарықта контрафактілік өнім айналымына қарсы іс-қимылдың практикалық шаралары талқыланды.

Ш. Абдреева атап өткендей, жетекші әлемдік технологиялық компаниялармен, соның ішінде «Xiaomi» компаниясымен ынтымақтастық орнату Қазақстан Республикасы үшін маңызды мәнге ие. Мұндай өзара іс-қимыл тәжірибе алмасуға, озық тәжірибелерді енгізуге және елдің инновациялық экожүйесін дамытуға ықпал етеді.

Қазақстан Республикасы ұлттық зияткерлік меншік жүйесін жетілдіруді дәйекті түрде жалғастырып келе жатқаны атап өтілді.

«Xiaomi Technologies Kazakhstan» компаниясының өкілдері мемлекеттік органдармен ашық диалог орнатуға дайын екендіктерін білдіріп, түпнұсқа өнімді сенімді құқықтық қорғауды қамтамасыз ету және зияткерлік меншікке құрмет мәдениетін қалыптастыру жөніндегі ынтымақтастыққа мүдделіліктерін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сындарлы өзара іс-қимылды жалғастыруға және ұлттық зияткерлік құқықтарды қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру мен Қазақстандағы адал бизнестің құқықтық қорғалуын нығайтуға бағытталған бірлескен бастамаларды дамытуға ниет білдірді.