Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы зияткерлік меншік және синтетикалық медиа мәселелері бойынша ДЗМҰ-ның он екінші сессиясына қатысты

Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы зияткерлік меншік және синтетикалық медиа мәселелері бойынша ДЗМҰ-ның он екінші сессиясына қатысты

2025 жылғы 28-29 қазанда Женева қаласында зияткерлік меншік және синтетикалық медиа мәселелері бойынша Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) он екінші сессиясы өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы
Ш. Әбдіреева қатысты.

Ол өз сөзінде Қазақстанның жасанды интеллект дәуірінде зияткерлік меншік жүйесін дамыту жөніндегі көзқарасын таныстырып, Қазақстан Республикасы жаһандық технологиялық трансформацияның белсенді қатысушысы болып табылатынын атап өтті.

Парламент қабылдаған «Жасанды интеллект туралы» Заң Орталық Азия кеңістігінде бірінші болды және осы саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарын айқындайды. Заң адамның жасанды интеллект қызметі үшін жауапкершілігін бекітеді және алғаш рет ЖИ көмегімен жасалған туындылардың құқықтық режимін тұжырымдайды.

Ш. Әбдіреева зияткерлік меншік инновациялардың, шығармашылықтың және технологиялық прогрестің дамуын қамтамасыз ете отырып, цифрлық экономиканың жүрегі болып қала беретінін атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан жасанды интеллектті дамытуды ынталандыратын және авторлардың, пайдаланушылар мен азаматтардың құқықтарын сенімді қорғауға мүмкіндік беретін жүйені құруға ұмтылады.

Жасанды интеллектті реттеуге қазақстандық көзқарас адамның басымдығы, зияткерлік еңбекті құрметтеу, жеке басын және имиджін қорғау, сондай-ақ мемлекет, бизнес және қоғам арасындағы ашықтық пен сенімді қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.

Комитет төрағасы Қазақстан жасанды интеллектті реттеудің әділ және тұрақты халықаралық жүйесін қалыптастыруға үлес қосуға ниетті екенін атап өтті. «Біз технологияның адамға қызмет етуін тек бірлескен күш жігермен ғана қамтамасыз етуге болатынына сенімдіміз, керісінше емес», - деп атап өтті
Ш. Әбдіреева.

Өз сөзінің соңында ол Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымына зияткерлік меншік саласындағы ашық диалог пен ынтымақтастық үшін халықаралық алаңды тұрақты қолдағаны және құрғаны үшін ризашылығын білдірді.