24 қазанда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде Республика күні қарсаңында Зияткерлік меншік құқығы комитеті қызметкерлерінің ата-аналарына құрмет көрсету рәсімі өтті.

24 қазанда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде Республика күні қарсаңында Зияткерлік меншік құқығы комитеті қызметкерлерінің ата-аналарына құрмет көрсету рәсімі өтті.

Шара барысында зияткерлік меншікті қорғау жүйесін дамытуға, алға қойылған міндеттерді тиімді жүзеге асыруға, республикалық және халықаралық іс-шараларды табысты өткізуге зор үлес қосқан әрі балаларын тәрбиелеп, қолдау көрсеткен ата-аналар марапатталды.

Қазақстан Республикасының Әділет министрі Е.Ж. Сәрсембаев қызметкерлердің ата-аналарына алғыс хаттар табыстап, Комитет қызметінің жоғары көрсеткіштерін қамтамасыз ететін қызметкерлердің кәсіби және адамгершілік қасиеттерін дамытуға қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.

Ата-аналар салтанатты рәсімге шын жүректен қуанышпен және мақтанышпен қатысты, Әділет министрлігінің оларға деген назарын әсерлі және маңызды іс ретінде атап өтті. Ресми бөлімнен кейін достық шәй ішіп, ата-аналар мен комитет қызметкерлері жылы атмосферада әсерлерімен бөлісіп, қолдау мен көңіл бөлгені үшін алғыстарын білдіріп, осындай бастамалардың отбасылық құндылықтарды нығайту мен өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеудегі маңыздылығын атап өтті.