Қазақстан мен Әзербайжан Үкіметі арасындағы Өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

Қазақстан мен Әзербайжан Үкіметі арасындағы Өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

Құжат зияткерлік меншік саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың құқықтық базасын нығайтуға және Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы әріптестікті дамытуға бағытталған. Жаңа Келісім 1998 жылы қол қойылған келісімді алмастырады және қазіргі халықаралық стандарттарды, соның ішінде Зияткерлік меншік құқығының сауда аспектілері туралы келісімнің (ТРИПС) ережелерін ескере отырып, өнеркәсіптік меншік құқықтарын қорғау саласындағы ағымдағы өзгерістерді көрсетеді.

Келісім ақпарат алмасуды, бірлескен іс-шараларды өткізуді және ұлттық зияткерлік меншік органдары арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді. Бұл құжатқа қол қою Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтудағы, сондай-ақ екі елдің экономикалық дамуы мен инновациясын ілгерілетудегі маңызды қадам болып табылады.