2025 жылғы 15-19 қыркүйекте Вашингтон қаласында (АҚШ) Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы АҚШ-тың Авторлық құқықтар жөніндегі кеңсесімен бірлесіп Авторлық құқықтар бойынша халықаралық семинар ұйымдастырды. Семинарға Қазақстан Республикасынан Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің авторлық құқықтар басқармасының басшысы Ильяс Қабдулин қатысты.
Іс-шараға Бангладеш, Ботсвана, Мысыр, Камбоджа, Кения, Малави, Марокко, Мальдив аралдары, Непал, Нигерия, Парагвай, Суринам, Сент-Китс және Нивс, Украина, Филлипиндер, Эквадор, Ямайка сияқты дамушы елдердің зияткерлік меншік саласындағы мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты. Семинар бағдарламасына АҚШ-тың авторлық құқықты тіркеу және ұжымдық құқықтарды басқару жүйелерін зерттеу кірді.
Сонымен қатар, бағдарламаның барлық қатысушылары өз елдеріндегі авторлық құқықты және құқықтарды ұжымдық басқару жүйесін дамыту тақырыбында презентация жасады.
Қазақстан өкілі Ильяс Қабдулин өз презентациясында біздің еліміздегі авторлық құқықтың қазіргі даму тенденциялары, авторлық құқық туралы заңнамаға енгізілетін өзгерістер және құқықтарды ұжымдық басқару саласында бірыңғай цифрлық платформаны құру және іске қосу туралы айтып берді.
Бағдарламаға қатысушылар еліміздің өкілінің сөз сөйлеуін жоғары бағалады, сондай-ақ құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдар қызметінің толық ашықтығына мен айқындығына әкеп соқтыратын бірегей құрал ретінде бірыңғай цифрлық платформаға шынайы қызығушылық танытты.
Бірқатар елдердің, соның ішінде Кения мен Парагвайдың өкілдері Қазақстанның тәжірибесін қабылдауға және өз елінде осындай платформа құруға ниет білдірді.