Ұжымдық құқықтарды басқару ұйымдарының жылдық есептері талқыланды

Ұжымдық құқықтарды басқару ұйымдарының  жылдық есептері талқыланды

Зияткерлік меншік құқығы комитеті 11-14 тамыз аралығында мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың басшыларымен кездесулер өткізді, оның барысында авторлық құқық иеленушілерге сыйақыны уақтылы төлеуді қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы аясындағы өзгерістер мен толықтырулар талқыланды. Бұл түзетулер ҚҰБҰ қызметінің ашықтығын арттыруға және авторлардың құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған.

ҚҰБҰ есептеріне сәйкес, 2024 жылы 1,7 млрд теңгеден (1 738 319 363,0) астам қаржы жиналды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда (1 505 346 423,0) 15,48%-ға артық. Бөлінген қаражат көлемі 2024 жылы 1,2 млрд теңгені (1 232 188 543,0) құрады, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен (1 197 608 773,36) 2,89%-ға жоғары.

Авторлық құқық иелеріне төленген төлемдер 2024 жылы 920 млн теңгеден (923 686 837,0) асты, бұл 2023 жылмен салыстырғанда (437 309 354,0) 2 есеге артық. Бұл ретте, жиналған сыйақы сомасынан төлемдер үлесі 2023 жылғы 29,04%-дан 2024 жылы 53%-ға дейін өсті.

Осылайша, барлық көрсеткіштер бойынша сомалардың өсуі және авторлық құқық иелеріне төлемдердің өсуі байқалады.