ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға ресми сапары аясында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев әріптесімен зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтастықты қамтитын құжатқа қол қойды

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға ресми сапары аясында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев әріптесімен зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтастықты қамтитын құжатқа қол қойды

2025 жылғы 16 маусымда Астана қаласында Қазақстан Республикасының Әділет министрі Е.Ж. Сәрсембаев пен Қытай Халық Республикасының Зияткерлік меншік жөніндегі ұлттық басқармасының комиссары доктор Шэнь Чаньюй зияткерлік меншік саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Аталған құжат ынтымақтастықтың жалпы шеңберлік сипатынан нақты міндеттерді шешуге бағытталған терең және практикалық өзара іс-қимыл моделіне көшкенін көрсетеді.

Жаңа меморандум 2017 жылы жасалған келісімнің ережелерін дамыта отырып, ынтымақтастық аясын кеңейтеді. Атап айтқанда, тәжірибе алмасу мен бірлескен сараптамадан бастап мамандар даярлау және халықаралық бастамаларға қатысуға дейінгі бағыттарды қамтиды. Бұған ДЗМҰ жобалары, «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасы және Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы ведомстволық өңірлік платформа кіреді.
Меморандумға қол қою Қазақстан мен Қытай арасындағы зияткерлік меншік саласындағы стратегиялық серіктестікті нығайтудың маңызды кезеңі болып табылады.