ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Бас директорымен кездесті

ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Бас директорымен кездесті

Астана халықаралық форумының қарсаңында ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев пен Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) Бас директоры Дарен Танг арасында екіжақты кездесу өтті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен ДЗМҰ арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын, соның ішінде зияткерлік меншік саласындағы бірлескен бастамаларды іске асыруды, сондай-ақ өңірлік және халықаралық өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Тараптар ДЗМҰ қолдауымен жүзеге асырылып жатқан ағымдағы жобаларды, соның ішінде зияткерлік меншікке арналған орталық компонентпен Ұлттық инновациялық стратегияны іске қосу, Maqsut Narikbayev University базасындағы зияткерлік меншік және бизнес бойынша ДЗМҰ магистратура бағдарламасының алғашқы түлектерін шығару, сондай-ақ әйелдерге арналған зияткерлік меншік құқықтарын басқару жүйесін дамыту және зияткерлік меншік құқықтарын қорғау тетігін құру бастамаларын талқылады.

Сонымен қатар Зияткерлік меншік саласындағы дауларды шешу бойынша одан әрі ынтымақтастыққа ерекше назар аударылып, соның ішінде 2026 жылы өңірлік семинар өткізу және Қазақстанның ДЗМҰ аясындағы халықаралық шарттарға қосылуы бойынша қабылдап жатқан шаралар қарастырылды.