Әділет министрлігінде Индонезия Республикасы Әділет министрлігінің өкілдерімен кездесу өтті

Әділет министрлігінде Индонезия Республикасы Әділет министрлігінің өкілдерімен кездесу өтті

ҚР Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы Шолпан Әбдіреева Индонезия Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік Бас Директоратының Бас Директоры Разилу мырзамен кездесті.

Кездесу барысында тараптар зияткерлік меншік нысандарын құқықтық қорғау және сақтау саласындағы тәжірибелерімен бөлісіп, бірлескен бастамалар мен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады. 

Сондай-ақ цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында халықаралық ынтымақтастық және озық тәжірибе алмасу мәселелеріне ерекше назар аударылды.