«Контрафактіге қарсымыз» республикалық акциясы аясында әділет департаментінің басшылығымен Оралдық мүсінші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Көркемсурет академиясының корреспондент мүшесі Е. Бекешевпен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында ол өзінің шығармашылығының жай - жапсары мен Британия еліне көрмеге шақырту алғандығын айтып өтті. Сондай ақ, алдағы уақытта да атқарылатын шығармашылық жұмыстарымен таныстырды.