Ауылдық округ тұрғындарына онлайн қабылдау өткізілді
2025 жылдың 6 мамырында Әділет департаментінің басшысы А.Тасыбаевамен Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылдық округінің және Шыңғырлау ауданы Алмаз ауылдық округінің тұрғындарына онлайн қабылдау өткізілді.
Қабылдау барысында азаматтарға тұрғын үй мәселелері, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, жауапкершілігі шектеулі серіктестікті жабу және басқа да құқықтық мәселелер бойынша кәсіби құқықтық кеңес берілді.
Бұл формат тұрғындардың құқықтық мәселелерін жылдам шешуге және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.