Кеңес өткізілді

Кеңес өткізілді

Ағымдағы жылдың 30 сәуірінде Департаментпен нотариустарға  құқықтық мәселелер бойынша жәрдем көрсету мақсатында, уәкілетті органдармен  бірлесе отырып, БҚО жер қатынастары басқармасының, Полиция департаменті өкілдерінің және нотариустардың қатысуымен кеңес өткізілді.Кеңес барысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын иеліктен шығару мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, нотариустарға  киберқылмысқа зейнеткерлердің ұшырауы қаупі тұрғысынан мәміле жасау барысында тараптардың саналы келісімін анықтау, қаржылық алаяқтық қаупін бағалау бойынша  құқықтық  түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі атап өтілді.