Ағымдағы жылдың 2 сәуірінде «Ақжайық» телеарнасының «Время вашего вопроса» бағдарламасына Батыс Қазақстан облысының заң консультанттар палатасының төрайымы Айман Қосанова және облыс бойынша Заң консультанттары палатасының тәртіптік комиссиясының төрағасы Виталий Клёнин қатысып, заң консультанттардың қызметі туралы сұхбат берді.
Эфир барысында қойылған сұрақтарға толықтай жауаптар беріліп, құқықтық сауаттылықты арттыру және заң мен тәртіп аясында атқарылып жатырған жұмыстарды кеңінен баяндады.