Ағымдағы жылдың 29 қарашасында Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдерінің қатысуымен департамент қызметкері басқармасының офицері М.М. Танатовтың және бас маманы Е.Е.Утешевтің түсіндірме жиналысы өтті.
Жиын барасында жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік пен өзін-өзі ұстаудың негізгі ережелері түсіндіріліп, нақты бейнероликтер көрсетілді.
Сондай-ақ балалардың терезеден құлап кетуіне жол бермеу үшін қарапайым қауіпсіздік ережелері айтылды. ТЖД қызметкерлері Департамент қызметкерлерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді.