«Құқықтық мәдениет» арнайы жобасының тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында, азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеру және тегін білікті заң көмегін көрсету мақсатында Әділет департаментімен депутат, адвокат, заң консультанты, нотариус және сот орындаушының қатысуымен «Ашық есік күні» акциясы өтті. Шараға келген ауыл тұрғындары негізінен жалға алған жерді заңдастыру, еңбек заңнамасы, тұрғын үйге қатысты, жылжымайтын мүлікке байланысты сауалдарын қойып, тиісті жауаптарын алды.