Жәнібек ауданы бойынша бос орынға «Жәрмеңке» шарасы өткізілді

Жәнібек ауданы бойынша бос орынға «Жәрмеңке» шарасы өткізілді

07.09.2022жылы          Жәнібек ауданының аумағында алимент бойынша борышкерлерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мақсатында кезекті "Бос орындар жәрмеңкесі"ұйымдастырылды.

Іс-шараға Жәнібек ауданы ауруханасынан, Жәнібек ауданы әкімі аппаратынан және М.Б.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінен жұмыс берушілер қатысып, ресми жұмысқа орналасуға ниет білдірген борышкерлерге жолдама берілді.Сонымен қатар Жәнібек аудандық «Шұғыла» газетінен корреспондент және  Жәнібек ауданының прокуроры қатысты.

Шараның нәтижесінде ресми түрде жұмысқа орналасуға ниет білдірген борышкерлерге жолдамалар тапсырылды.